Аймақтар • 09 Қазан, 2020

Мияны қолдан өсірмек

331 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Торайғыров университетінің ғалымдары «СтройБиоРесурс» ЖШС-мен бірлесіп, Павлодар облысының Железин ауданында дәрілік өсімдіктерді өсіруді қолға алды.

Мияны қолдан өсірмек

 

Жуырда биология ғылым­да­рының кандидаты, қауым­дастырылған профессор Виктор Камкин студенттермен бірге орал­дық мияны егу тәжірибесін бастады. Көк­темде сынақтың екін­ші кезеңі басталады.

Ғалымдардың айтуынша, облыста мия не­месе өзге дәрілік өсім­діктерді дайындау заң­сыз жүр­гізіледі. Стихиялық дайындау ба­рысында өсімдіктердің ерекшеліктері еске­­рілмей, таби­ғи популяция өз ресурс­та­рын қа­­лыпқа келтіруге үлгермейді. Бұл жоба өсімдіктердің та­би­ғи ерекшеліктерін сақт­ап, эко­ло­гиялық өсіруді ұйымдастыруға мүм­кін­дік бермек.

– Плантациялық өсіруге орал­дық мия жа­рам­ды. Қытайлық ме­дицинада мия – женьшеньмен пара-пар дәрілік өсімдік. Ға­лам­торда тамырдың бір килосы 1600 теңгеден сатылып жүр. Біз бұл үр­дісті заңдастырғымыз келеді, – дейді сарапшы.

Ғалымдар дәрілік өсім­дік­терді зерттеу­мен 2007 жылдан бері ­айналысып келеді. Ертіс өзе­ні­нің жайылымы, Баянауыл ұлт­тық паркі мен Ертіс орма­ны ре­зерватының аума­ғы тыңғы­лықт­ы зерттелді. Бүгінде аймақ­та жа­байы түрде 194 дәрілік өсімдік түрі өсе­тіні белгілі болды. Оны өсіру турасында жүр­гізілген сы­нақ нәтижесінде өсім­діктерді бас­қа жағдайға да бейімдеуге бо­ла­ды деген қоры­тынды жасалды.

– Қазақстандағы фармацев­­ти­калық сала­ның қазіргі жағ­дайы сын көтермейді. Себебі еліміз қажеттілігіміздің тек 15%-ын жа­­­бады. Ал мемлекеттің ұлттық қа­уіп­­сіздігін қамта­масыз етуде пре­параттардың үлесі кем дегенде 30 %-ды құрауы керек, – дейді В.Камкин.

Қазіргі уақытта Қазақстанда­ғы фармкомпаниялар дәрі да­йындауда шикізатты алыс-жа­қын шетелдерден тасымалдайды (РФ, Алтай өңірі, ҚХДР).

Қазақстанның әр облысында дәрілік өсім­діктер өседі. Де­ген­мен, дәрілік өсімдік ша­руа­шы­лығының әлеуеті бірінші ке­зек­те аймақ­тың экологиялық таза­лығына байланысты анық­талады. Ал екінші кезекте, био­логиялық сан алуандылығы мен ландшафты деңгейлері қа­рас­тырылады. Бұл тұрғыда об­лыс­тың – Железин ауданының әле­уеті зор.

 

Павлодар облысы