Аймақтар • 09 Қазан, 2020

Атырауда шаруагерлердің шөп орамдары өртенді

460 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырауда шаруагерлердің жаз бойы тірнектеп жинаған шөбі өртеніп жатыр. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі ұсынған мәліметке сүйенсек, өрт ауыл шаруашылығы техникаларынан шығатын ұшқыннан тұтанады екен. Осы және өзге де себептермен 5 оқиға тіркеліп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда шаруагерлердің шөп орамдары өртенді

«Жылыой ауданының «Манас» шаруа қожалығында 28 шөп орамы, Құрманғазы ауданы, Жапырық ауылындағы жеке тұрғын үйдің ауласында жиналға 6 шөп орамы, Байда ауылдық округінің Батпақ көпір учаскесіндегі «Төреғалиева» шаруа қожалығында 1200 шөп орамының жанып кетті. Сондай-ақ, Индер ауданы, Есбол ауылдық округінде тіркелген «Амандос» шаруа қожалығында 50 шөп орамы, Қызылқоға ауданы, Жантерек ауылындағы №57 үйдің ауласында тұрған 18 шөп орамы да өртенді» деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.