Есеп бойынша аталған сома алдағы 3 жылда экономикалық және денсаулық сақтау саласына түскен салмақты жеңілдетіп, Африка елдерінің аяққа тұруына көмектеспек. Халықаралық валюта қорының басшысы бұл міндетті әлем елдерінің біріге көтергені дұрыс деген пікір білдірді.
Жалпы, Африка елдерінде өзге мемлекеттермен салыстырғанда коронавирус жұқтырғандар мен індеттен қайтыс болғандар саны көп емес. Алайда сарапшылар пандемия құрлықты кедейлік құрсауында қалдырады деп отыр. Жұмысынан айырылғандар қатары көбейген соң, отбасындағы кіріс те 12 пайызға төмендеп кеткен. Осыған дейін Халықаралық валюта қоры індет салдарын азайту үшін шамамен 26 млрд доллар бөлген. Жеке ұйымдар берген несие мен басқа елдердің көмегіне қарамастан, қаржы тапшылығы әлі де бар. Африкада 1,5 миллионнан астам адам індет жұқтырып, 37 мыңға жуық науқас қайтыс болды.