Алматы әуежайында санитарлық-эпидемиялық бақылау күшейді
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша эпидемияға қарсы режимді күшейту және мегаполисті шетелден коронавирус әкелуден қосымша қорғау шаралары қабылданды.
Қасым-Жомарт Тоқаев астық жинау науқанын аяқтаған ауыл еңбеккерлерін құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың астық жинау науқанының табысты аяқталуына байланысты құттықтады. Сондай-ақ Президент "Қажырлы еңбегі мен диқаншылық міндетке деген адалдығы үшін барлық ауыл еңбеккерлеріне, ардагерлерге, өндіріс озаттарына ризашылығымды білдіремін!", деп жылы лебізін жеткізді.
Биыл егін жинау науқаны бір айға ерте аяқталды
Егін жинау жұмыстары өткен жылға қарағанда бір ай бұрын ерте аяқталған. Бұған қолайлы ауа-райы мен шаруалардың техникалық дайындығы ықпал етіп, 2019 жылмен салыстырғанда элеваторларға 1 млн тонна астық әкелген. Бұл ретте келіп түскен астықтың 80 пайызының сапалық сипаттамалары жоғары, ал 2019 жылы бұл көрсеткіш 54,4 пайызды ғана құрады.
Қазақ көлік және коммуникация академиясы бас лицензиясынан айырылды
БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясын (Алматы қ.) бас лицензиясынан айыру туралы шешім қабылдады. Шешім 10 жұмыс күні өткеннен кейін заңды күшіне енеді, кейін жоғары оқу орны білім беру саласындағы қызметін тоқтатуға міндетті болады.
Елбасының "Egemen Qazaqstan" газетінде "Абай аманаты" атты мақаласы жарияланды
Нұрсұлтан Назарбаев Президент ретіндегі өкілеттігін өз еркімен тоқтату туралы шешім қабылдамас бұрын болашақ ел басқарар азаматқа қажет қайраткерлік тәжірибе мен тағылым жайын қалай саралағанын айтып берді. Бұл туралы Елбасының "Egemen Qazaqstan" газетінде жарияланған "Абай аманаты" атты мақаласында жазылған.
145 колледж 330 мамандық бойынша студенттерді оқыту құқығынан айырылды
ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті барлық қазақстандық колледждің білім беру қызметіне мониторинг жүргізіп жатыр. Талдау нәтижелері бойынша 145 білім беру ұйымы 330 мамандық бойынша лицензияға қосымшаларын өз еркімен қайтарып берді.
Мемлекеттік қызметшілерге құнды сыйлықтар тарту етуге тыйым салынды
Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлық көріністерін жүйелі түрде алдын алу бойынша қосымша шаралар енгізуге бағытталған Заңға қол қойды.
Димаш БҰҰ Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасына қолдау көрсетеді
Димаш Құдайберген «Michael Kors» брендімен серіктестігін жариялады. Мақсат БҰҰ-ның Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы арқылы әлемдегі ашаршылық мәселесіне назар аудару. Бұл туралы dimashnews.com хабарлады.
Трамптың коронавирустан емделуіне қанша қаражат кетті?
АҚШ президенті Дональд Трамптың коронавирус індетінен емделуіне 100 мың доллардан аса қаражат кеткен.
Бішкекте төтенше жағдай режімі енгізілді
Қырғызстан президенті Бішкек аумағында 9 қазан күні сағат 20:00-ден бастап төтенше жағдай режімін енгізді.
Қазақстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан республикалары Президенттерінің Қырғыз Республикасындағы оқиға туралы бірлескен мәлімдемесі жарияланды.
Солтүстіктегі Булаев қаласы карантинге жабылды
Бүгін, 9 қазаннан бастап Солтүстік Қазақстан облысындағы Булаев қаласы коронавирус індетін жаппай жұқтырудың алдын алу мақсатында қатаң карантинге жабылды.
Жәнібек Әлімханұлы қарсыласын нокаутпен жеңді
Бүгін таңертең Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының (8-0, 4 КО) жекпе-жегі өтті.