Аймақтар • 12 Қазан, 2020

Атыраулықтар той өткізуді тоқтатпай тұр

436 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Карантиндік шектеулер әлі толық алынған жоқ. Соған қарамастан атыраулықтар той, туған күнді атап өту секілді шараларды тоқтатпай тұр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атыраулықтар той өткізуді тоқтатпай тұр

Полиция қызметкерлері өткен жұма-жексенбіде мобильдік топтармен бірге жүргізген рейд кезінде топ адамды жинап, той өткізушілердің үстінен түсті.

«Атырау» ықшамауданындағы 17-көшедегі үйде 40-50 адам, ал Мечников көшесіндегі үйлердің бірінде 30-40 адам қатысқан той өткізілген. Студенттер көшесінде орналасқан мейрамханалардың бірінде өтіп жатқан тойда 80 адам, «Алмагүл» ықшамауданындағы мейрамханада тойланған туған күнде 50-60 адам, Тайманов көшесіндегі мейрамханада 50-60 адамның жинауымен той өткені анықталды. «Жерұйық» ықшамауданында орналасқан мейрамханадағы караоке-барға 15-20 адам жиналған» деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ал «Лесхоз» ықшам ауданында және Владимирский көшесіндегі екі кальян-бар иесі де карантин режиміне қарамай, жұмыс істегені белгілі болды.

Осы деректерге қатысты жинақталған құжаттар Атырау қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.

 

Атырау облысы

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда МӘМС жүйесі өзгереді

Денсаулық • 05 Мамыр, 2024

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024