Оның айтуынша, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде үйінде есірткі өсірген азаматты ұстаған.
«Атырау қаласының 1970 жылғы тұрғыны үйіндегі жатын бөлмесінде желдеткіші, температурасы мен жарығы баршағын жылыжай жабдықтап, құрамында есірткі бар өсімдік өсірумен айналысқан. Оның үйін тексеру кезінде төрт ыдыста өсіп тұрған өсімдіктер табылды. Елу жастағы азаматтың айтуынша, есірткі өсімдіктерін сату үшін емес, өзі қолдану мақсатында өсіріпті. Бұл азаматтан алынған қан құрамы сараптамадан өткізілді. Нарколог-дәрігердің қорытындысымен оның қанының құрамында есірткі бары анықталды» дейді облыстық полиция департаментініңбастығы Қамза Үмбетқалиев.
Ұсталған азаматқа қатысты ҚР Қылмыстық Кодекстің 300-бабымен (Құрамында есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.