Елорда • 12 Қазан, 2020

Нұр-Сұлтанда күзді қайда өткізуге болады

169 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстанның астанасында серуендеп қана қоймай, әдемі көріністерді тамашалап, қаланың қарбаласынан демалуға болатын орындар көп, деп хабарлайды Egemen.kz әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтанда күзді қайда өткізуге болады

Әкімдіктің ресми сайты Нұр-Сұлтандағы ең көркем жерлер топтамасын дайындады.

Триатлон, Президент саябақтары мен Есіл өзенінің жағалауы. Қазіргі уақытта бұл жерлерді жаяу жүргіншілер аймақтары мен велосипед жолдары байланыстырады, олар қажетті инфрақұрылыммен жабдықталған. Елордалық жастар бос уақытында спортпен шұғылдануы үшін осы жазда көптеген көпір асты кеңістіктері пайда болды.

Дппр

«Жерұйық» саябағының 21 гектар аумағында ағаш пен бұтаның 11 түрінен тұратын тоғай бар. Қазіргі кезде олардың саны 10 мың данаға жетіп отыр. Үлкен саябақты орындықтар мен мүсіндер орнатылған көптеген жолдар мен веложолдар кесіп өтеді.

Нұр-Сұлтан ботаникалық бағы –Қазақстанның астанасындағы ең үлкен, ең жас саябақ. Бақтың шығыс бөлігінде субұрқақтар мен үш көпірлі тоған бар. Мұнда Еуропадан, Азиядан және Солтүстік Америкадан 90 мыңға жуық ағаш пен бұта, жүздеген коллекциялық көшеттер отырғызылды. Велосипед пен жүгіру жолдары жасыл аймақтарда да кездеседі.

Елорданың басты бульвары «Нұр Жол» қонақтарды күн сайын музыкалық фонтандармен және ерекше мүсіндермен қарсы алады. Жаяу жүргіншілер аймағының бойында шетелдік және жергілікті сәулетшілердің ерекше ғимараттары бар. Кешке бульвар көптеген шамдармен жарықтандырылады. Жаяу серуеншілер бір жағынан Ақордадағы президент сарайын да, әлемдегі ең үлкен шатыр тәрізді құрылым – «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығын да көре алады.

Айта кетейік, елорда қонақтары мен тұрғындарына ыңғайлы болу үшін аулалар мен қоғамдық орындарды абаттандыруға көп көңіл бөлінуде. Биылдың өзінде Нұр-Сұлтанда 150 аула мен 50 қоғамдық орын абаттандырылды. Бұл 300 мыңнан астам адамды спортпен айналысуға қолайлы жағдайлармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.