Аймақтар • 12 Қазан, 2020

Атырауда карантиндік шектеу шаралары ұзартылды

668 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Атырау облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Асылбек Шаров карантиндік шектеу шараларын ұзарту туралы қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда карантиндік шектеу шаралары ұзартылды

тырау облысының аумағында 2020 жылғы 12 қазан сағат 00:00-ден бастап COVID-19 - дың эпидемиологиялық ахуалы тұрақтанғанға дейін шектеу шаралары ұзартылсын. Бес жасқа дейінгі балаларды, қоғамдық тамақтану орындарында тамақтану жағдайларын, жеке және 5 адамнан аспайтын топтық спортпен айналысатын адамдарды қоспағанда, әлеуметтік қашықтықты міндетті түрде сақтай отырып, қоғамдық орындарда, қоғамдық транспортта, халыққа қызмет көрсету және демалуға арналған ғимараттарда, ашық ауада медициналық немесе мата бетперделерін кию міндетті", делінген қаулыда.

Бас санитарлық дәрігердің қаулысымен бір мезгілде жабық ғимараттарда 30 адамнан аспайтын, ашық алаңдарда 50 адамнан аспайтын, кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты және  күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, бір отбасы мүшелерін қоспағанда бір үстелге 4 адамнан аспайтын адам саны отырғызылып, қоғамдық тамақтандыру объектілерінің (кафелер, мейрамханалар және басқалар) қызметі сағат 08:00-дан  22:00-ге дейін, жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың жалпы  сыйымдылығының 30%-нан аспайтын толымдылығы кезінде күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, 1 келушіге 4 шаршы метр есебінен әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, жұмыс жасау уақыты 17.00-ге дейін шектелді.

Күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, бір адамға 4 шаршы метр есебінен әлеуметтік қашықтықты ескере отырып, жалпы сыйымдылығының 30%-нан аспайтын сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері (бутиктер), сауда желілері азық-түлік бөлімдері мендәріханаларды қоспағанда сағат 22:00-ге дейін жұмыс істейді.