Аймақтар • 13 Қазан, 2020

"Саран" шахтасында тазарту стансасы іске қосылды

179 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды облысындағы "Саран" шахтасында жаңадан салынған тазарту стансасы іске қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Саран" шахтасында тазарту стансасы іске қосылды

Бұл қадамның осы өңірдегі экологиялық ахуалға оң әсерін тигізері сөзсіз. Мысалы, осы маңнан ағып өтетін Соқыр өзенінің жай-күйі оңалатын болды деп санайды эколог-мамандар.

Жаңа стансаның қуаты тәулігіне 700 текше метрге дейін су тазалауға жетеді. Көпсатылы тазарту технологиясының арқасында  залалсыздандырылған таза су алуға да болады. Толығымен  автоматтандырылған жүйені бірнеше адам басқарады.

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ Көмір департаментінің бас экологы Әсел Кәрімова "Саран" шахтасындағы ескі тазарту жүйесінің 1973 жылдан бері қолданылып келгенін айтты.

– Сол уақыттан бері экологиялық стандарттар өзгерді және оның талаптары әлдеқайда қатаңдана түсті. Технология қарыштап алға кетті. Жаңа буынның заманауи тазарту ғимаратын салу туралы шешім қабылданған еді. Енді бұл мақсатқа да қол жетті,  дейді ол қуанышын жасырмай.

Дәл осындай заманауи тазарту стансасы келесі кезекте "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ның иелегіндегі  "Тентек" шахтасына да салынатын болады.