"Атырау қаласы мен аудандарда құрылған 114 мобильдік топ карантиндік талаптардың сақталуына мониторинг жүргізіп, рейд жұмысын күшейтті. ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысын орындау мақсатында 5 шілде-9 қазан аралығында мобильдік топ 1600 рейдтік тексеріс жүргізді. Нәтижесінде 653 материал жинақталды. Шағын және орта кәсіпкерлікке, сонымен қатар, жеке тұлғаларға 463 әкімшілік іс қозғалып, 66 млн 794 мың теңгенің айыппұлы салынды", деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, азық-түлік дүкендері мен тамақтану орындарына, көлік жуу орталығы секілді 139 заңды тұлғаларға 55 млн 592 мың 590 теңге айыппұл салынған. Карантиндік талапарды бұзу дерегімен 190 материал қаралуда.