Аймақтар • 13 Қазан, 2020

Атырауда жолаушыны балағаттаған таксист 12 күнге қамалды

230 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Танымайтын адамды дөрекі сөзбен балағаттаған жүргізуші 12 тәулікке қамауға алынды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда жолаушыны балағаттаған таксист 12 күнге қамалды

«ВАЗ» көлігінің жүргізушісі қала тұрғынын Балықшы кентінен Алғабас ауылына апару үшін такси қызметін ұсынған. Бірақ діттеген жерге жеткенше, жолаушының ар-намысына тиіп, тіпті балағаттап жіберген. Көлік жүргізушісінен мұндай теріс қылықты күтпеген азаматша №1 Атырау қалалық полиция бөліміне шағымдан түсіріпті.

«Аталған шағымға сәйкес полиция аға лейтенанты Ришат Жамелов такси жүргізушісін  жедел анықтап, тексеру жүргізді. Көлік жүргізушісі – 46-жастағы азаматқа қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 434-бабы (Ұсақ бұзақылық), 571-бабы (Заңсыз кісі тасымалдау) және  612-бабымен (Жүргізуші куәлігі жоқ) хаттамалар рәсімделді. Сот шешімімен такси жүргізушісі 12 тәулікке әкімшілік қамауға алынды» деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.