Білім • 14 Қазан, 2020

Үштікке енген үздіктер

224 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атыраудағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары ғылыми жо­ба­лар дайындап, әртүрлі сайыстарға қатысып жүр. Солардың қа­та­рын­да 8 сынып оқушылары Ділназ Мүбарак пен Әзиза Абатова да бар.

Үштікке енген үздіктер

Олар бұған дейін республикалық «Зерде» ғылыми-зерттеу жұмыстар мен шығармашылық жобалар байқауында бас жүлдеге ие болған еді.

Жақында ғылымға бет бұрған жас өрендер тағы бір белесті бағындырды. Бұл жолы олар Ресейде өткен В.Курбатов атындағы оқушылардың халық­аралық ғылыми жобасына онлайн режімде қатысты. «Химия: ғылым мен өнер» атты ғылыми жобалар конкурсына «Апельсин қабығынан тыңайтқыш әзірлеу» тақырыбындағы зерттеу жұмысын ұсынды.

Оқушылар дайындаған ғылы­ми жобаны ресейлік қазылар алқасы жоғары бағалады. Сөйтіп, жас ғалымдар Әзиза мен Ділназ үшінші дәрежелі диплом мен сертификатқа ие болды. Ал олардың ғылыми жаңалығы В.Курбатовтың 142 жылдығына орай жарық көрген халықаралық ғылыми еңбектердің жинағына енді.

 

Атырау облысы