Медицина • 14 Қазан, 2020

163 млрд теңге медициналық көмекті қаржыландыруға бағытталды

86 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Осы жылдың 8 айында әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры МӘМС пакетіндегі медициналық көмекті төлеуге 163,6 млрд теңге жіберді, деп хабарлады ӘМСҚ баспасөз қызметі.

163 млрд теңге медициналық көмекті қаржыландыруға бағытталды

Осы жылдың 8 айында МӘМС-ға 351,2 млрд теңге жарналар мен ауда­­рымдар түсті. Бұл ретте мемлекет медициналық сақтандыру жүйе­­сіне негізгі төлеуші болып қала бере­ді. Ол 15 жеңілдік санаты үшін жар­на төлейді. Мемлекеттің жарналары 197,2 млрд теңгені, жұмыс берушілердің аударымдары – 100,9 млрд теңгені құрады. Оның ішінде 50,8 млрд теңгені қыз­меткерлер, жеке кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын адам­дар, өз-өзіне төлеушілер жарналары,
2,3 млрд теңгені бірыңғай жинақтаушы зей­нетақы жарналары құрады.

МӘМС үшін жарналар мен ауда­рымдар Ұлттық банктегі арнайы шотқа түсетінін, содан кейін қаражат МӘМС пакеті бойынша көрсетілген медициналық қызметтерді төлеуге Қордың жеткізуші медициналық ұйымда­рына жіберілетінін атап өтеміз.

«Қазіргі уақытта елімізде ем­­ха­наларға тіркелу науқаны жү­ріп жатыр. Бекіту науқанының қо­рытындысы бойынша медици­налық ұйымдар бөлінісінде халық­тың бөлінуін ескере отырып, 2021 жылға қаржыландыру жоспарланатын болады. Қор бар­лық қазақстандықтарды ескере отырып, дерекқордың абсолютті дұ­рыс­тығына мүдделі. Өйткені әрбір тіркелген тұрғын үшін ай сайын меди­циналық ұйымдарға жан басына қар­жыландыру тө­ленеді», деп еске салды қор өкілдері.

Қаңтар-тамыз аралығында шы­ғындардың басым бөлігі ста­ционарлық медициналық көмек төлемі – 62 млрд теңгеден астам және ауылдағы стационарлар қызметі үшін 14,6 млрд теңгені құрады. 8 айда жоспарлы түрде еліміздің стационарларында 660 мыңнан астам адам ем қабылдады.

Консультациялық-диагности­калық көмек көрсеткені үшін медициналық ұйымдарға 54 млрд теңге төленді. Айта кету керек, КТ және МРТ қызметтері азаматтар үшін бұрынғысынша өзекті болып қалуда. 8 айда пациенттерге КТ және МРТ 400 мыңнан астам қызмет көрсетілді.

Қор халыққа жоғары техноло­гия­­лық қызмет көрсеткені үшін 14 млрд тең­геден астам қаржы төледі. Мұнд­ай қыз­меттерді 4,5 мыңнан астам адам ал­ды. 13 млрд теңге стационарды ал­мас­­тыратын көмекті төлеуге бағыт­тал­ды.

Биылғы 8 айда Әлеуметтік меди­циналық сақтандыру қо­ры халыққа 2,8 млн-нан астам стома­тологиялық қызмет көрсет­кені үшін 5,1 млрд тең­ге төледі. Сонымен қатар 67 мыңға жуық қазақстандық жедел жағдайдан (инфаркт, инсульт және т.б.) және опе­рациялық араласудан кейінгі ме­дициналық оңалту алды.

Еске сала кетейік, екінші тоқ­сан­­да карантин аясында жоспарлы түр­де медициналық көмек көрсетуге шек­теу қойылды. 1 тамыздан бастап еліміздің клиникаларында жоспарлы медициналық көмек қайта басталды.Сондықтан та­мыз-қыркүйек айларында МӘМС пакетінде халықтың меди­циналық қызметтерді тұтынуының өсуі байқалады.