Алты қабатты жаңа орталық заманауи талапқа сай жабдықталды. Ғимараттың бірінші қабатында цифрлы орталық бар. Мұнда 30 адам бір мезгілде «өзіне өзі қызмет көрсету» мүмкіндігін пайдалана алады. Ал екінші қабатта қызмет көрсету залы жұмыс істейді. Залдың сыйымдылығы – 100 орын. Бұл залда бір уақытта 30 қызмет алушыны қабылдауға мүмкіндік жасалып отыр. Үшінші қабатта әлеуметтік қамсыздандыру мекемелері қызмет көрсетеді. Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаменті төртінші қабатта тұрғындарды қабылдайды, – дейді М.Хайруллиев.
Сондай-ақ бұл орталықта тұрғындарға түрлі мәселеге қатысты кеңес беретін кеңесшілерге арналған, құжаттандыру мен халықты тіркеу, дайын құжаттарды беру секторлары, балалар ойнайтын шағын бөлме бар. Жаңа ғимаратта азаматтардың операторларды күтпей-ақ, электронды қызметтерді пайдалана беруіне болады. Алайда тұрғындардың айтуына қарағанда, жаңа орталыққа жету қиын. Өйткені қатынайтын автобус санының аздығы қолайсыздық тудырып отыр. Осыған орай облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов автобус санын көбейтуді тапсырды.
Атырау облысы