Аймақтар • 14 Қазан, 2020

Атырау қаласының әкімі 380 000 теңге жалақы алады

1203 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы қала әкімі Қайрат Оразбаевтың өзі мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырау қаласының әкімі 380 000 теңге жалақы алады

Бүгін "Antikor.Live" жобасы шеңберінде "Әкімдіктердің ашықтығы, есептілігі және қолжетімділігі" тақырыбында Атырау қаласы әкімі Қайрат Оразбаевтың қатысуымен тікелей эфир өтті. Ол қойылған сұрақтарға жауап беріп, кейбір мәселелерді бақылауға алатынын жеткізді.

Бұдан бұрын "Сыбайлас жемқорлық біз үшін емес" республикалық акциясы аясында  аудандардың әкімдері жалақысын жария еткен еді. Олар айына 755 485 теңге жалақы алады.

Ал бұл жолы "Жалақыңыз қанша?" деген сұрақ Атырау қаласының әкіміне қойылды. Осыған Қайрат Оразбаев 380 000 теңге жалақы алатынын мәлім етті.