Қазақстан • 14 Қазан, 2020

Kaspi Bank Қазақстандағы ең қымбат компания атанды

743 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Kaspi банк Қазақстан тарихындағы ең құнды компанияға айналды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Kaspi Bank Қазақстандағы ең қымбат компания атанды

"Bloomberg және Refinitiv мәліметтері бойынша, Kaspi Лондон қор биржасында баға ұсынысының жоғарғы шегінде бір акция үшін 28,5 – 33,75 доллар баға ұсынды. IPO көлемі 1 миллиард долларды құрады, ал ұсыныс 29,6 миллион ГДР-ге дейін ұлғайтылды", деп жазды Finance.kz телеграм каналы.

Kaspi банк акцияларының Лондон қор биржасындағы саудасының басталу күні әлі жарияланған жоқ. Ал Астана халықаралық қор биржасындағы сауда-саттық 21 қазанда басталады.