Өткен аптада әлеуметтік желіде Червонное-Новоишимское тас жолында 18 жылқының қараусыз жүргені туралы Ғ.Мүсірепов атындағы аудан тұрғынының бейнежазбасы тарады, жылқылар автокөліктердің қозғалысына кедергі келтіріп, жолда апаттық жағдай тудырған.
Бұл факт бойынша полиция қызметкерлері жылқылардың иесін анықтады, ол Новоишимское ауылының тұрғыны болып шықты, оған қатысты ҚР ӘҚБтК 408-бабының 1-бөлігі (Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын бұзу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды.
Жыл басынан бері облыс аумағында әкімшілік жауапкершілікке 3 886 мал иесі тартылған.