Білім • 16 Қазан, 2020

Техникалық және кәсіптік білімге сұраныс көп

550 рет
көрсетілді
15 мин
оқу үшін

Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылғы 19 маусымдағы №702 Жарлығына сәйкес құрылған Түркістан облысында қазіргі таңда 64 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымында (31 мемлекеттік, 33 жекеменшік) 44 878 студент білім алуда.

Техникалық және кәсіптік білімге сұраныс көп

Сурет «Егемен Қазақстанның» архивінен алынды

Халықты «Баршаға арналған тегін кәсіптік техникалық білім» жобасына қа­тысуға көптеп тарту мақсатында 16 аудан мен қалада жалпы саны 712 адамнан тұратын 74 мобильдік топ құрылып, атқарылған жұмыстар нәтижесімен 2020-2021 оқу жылында облыс бойынша бағдарлама шеңберінде 975 азамат қабылданып, қазіргі таңда 5 300 азамат білім алуда.

2020 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағ­дай бойынша 2020 жылы колледж бітіру­шілерінің жұмысқа орналасқандарының жалпы үлесі 75,6%, оның ішінде дуальды оқыту жүйесі арқылы даярланған түлектердің жұмыспен қамтылуы 78,2%-ды құрап отыр. Мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту кезінде мамандарға сұранысты айқындау мақсатында облыс әкімінің орынбасары бекіткен тізіммен 8 сала бойынша құрылған жұмыс тобының ұсынысына сәйкес және Конкурстық комиссияның шешімі бойынша облыс әкімдігінің жыл сайынғы қаулыларына сәйкес техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларға мемлекеттік білім беру тапсырысы бөлінуде. 2020-2021 оқу жылына аталған білім беру тапсырысы 7 291 орынға бөлініп, аудан, қалалық әкімдіктердің, салалық басқармалардың және жұмыс берушілердің мамандарға сұраныстарына сәйкес дайындалып отыр.

Түрмедегі сотталған азаматтардың ма­мандық алуы үшін облыстағы түзеу мекемелерінің базасында 3 колледждің бөлімшелері құрылып, қазіргі таңда мемлекеттік тапсырыс шеңберінде 450 сотталушы азаматқа жұмысшы маман­дықтары оқытылуда.

Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алу құқықтарын қамта­масыз ету мақсатында алғаш рет Түркістан облысында ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар үшін (саңырау балалар) жағдай жасалып, 2 колледжде 44 студент тігін өндірісі және есептеу техникасы мамандықтары бойынша инклюзивті білім беру іске асырылып отыр. Сонымен бірге жыл сайын Кентау қаласында мүгедек азаматтарды оқытатын Кентау арнаулы кәсіптік колледжіне мемлекеттік білім беру тапсырысымен 80 азамат қызмет көр­сету мамандықтары бойынша білім алуда.

«Қазақстан Республикасының бала­лар­дың құқықтары туралы» заңына сәйкес жыл сайын техникалық және кәсіптік бі­лім беру ұйымдарында оқуға ниет біл­дірген жетім балаларға тегін кәсіптік бі­лім алуға жолдама берілуде. Биылғы оқу жылында мектеп бітірген 116 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жолдама арқылы колледждерде тегін оқуға мүмкіндік алды.

Соңғы 2 жылда 54 колледж халықара­лық аккредиттеуден өтіп, институционалды және мамандандырылған аккредиттеу­ден өткені туралы сертификаттарға қол жеткізді.

Дуальды оқытудың жол картасын ке­ңейту аясында қолөнершілерді даярлай­тын колледжде мамандарды дуальды оқыту жүйесімен даярлауды, соны­мен бірге Елбасының 2018 жылғы 29 қыр­күйектегі №762 Жарлығымен ма­құл­данған Түркістан қаласын түркі әлемі­нің мәдени-рухани орталығы ретінде да­мыту жөніндегі бас жоспардың тұжырым­дамасына сәйкес, Түркістан қаласындағы құрылыс объектілерінде жұмыс істеу үшін облыстағы құрылыс мамандарын даярлайтын, сонымен қатар жаңа индустриялық аймақ ашылуына байланысты тігін өндірісі мамандарын даярлайтын оқу орындарын дуальды оқытуға көшіру бойынша жұмыс жүргізіліп, биылғы оқу жылында дуальды оқытумен білім беретін колледждер саны 38-ге артты, қамтылған студенттер саны 5 615-ті құрап отыр. Облыстық кә­сіпкерлер палатасымен бірлесіп атқа­рылған жұмыстар нәтижесінде 418 кәсіп­орынмен келісімшарт түзіліп, шағын және орта бизнес субъектілері дуальды оқытуға тартылды.

Кадрлар даярлау ісінде тараптардың жауапкершілігін қамтамасыз етуге, практиканы күшейту, жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес оқытудың мазмұнын жаңартуға қатысты өзгерістер енгізіліп, дуальды оқыту аясында практика 80%-ға дейін өсті.

2018-2020 оқу жылының жазғы демалысы кезінде құрылыс мамандарын даярлайтын 12 колледж студенті және 2 колледжден ерікті жастар облыс аумағындағы құрылыс объектілерінде жалпы саны 511 студентті құрайтын құрылыс отрядтары жұмыс істеді және Мақтаарал ауданында техногендік сипаттағы төтенше жағдайдан зардап шеккен үйлердің ғимараттары құрылысын салуға 5 колледжден 100-ден аса студент жұмылдырылып 5 тұрғын үйді салып тұрғындарға кілтін ұстатты.

Сонымен қатар 2020 жылы маусым айында Арыс қаласындағы жарылыстың салдарынан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсету мақсатында 850 колледж қызметкері ерікті түрде қаланы қал­пы­на келтіру жұмыстарына жоғары белсен­ділікпен атсалысты.

Халықыралық WorldSkills қозғалысын дамыту мақсатында соңғы екі жылда об­лыстың жеткен жетістіктері де аз емес. 2018 жылғы «WorldSkills Kazakhstan - 2018» ұлттық чемпионатына облыс­тан жіберілген 9 студенттің 7-еуі жүлделі орын­дарға ие болып, жалпы командалық есепте 7-орынды иеленсе, 2019 жылы чем­пионатқа қатысушылар Мәскеу қала­сындаға DNG Mori академиялық базасында, №2 Челябинск педагогикалық кол­леджінде, Алматы қаласындағы Ротенберг компаниясы, DOSTI инновациялық орта­лығы, «Alageum Electric» АҚ Алматы қала­сындағы құрылымдық бөлімшесі «ЛевИнтеграция» ЖШС базасында, Шымкент қаласындағы «Elianto» фирмасы мен «Knauf» компаниясының Шым­кент қаласындағы филиалында, «Шым­кент лифт-стой» мекемесінде және т.б. кәсіпорындар базаларында тағы­лым­дамадан өтіп, дайындық жұмыс­та­рын күшейту нәтижесімен Нұр-Сұл­тан қаласында 2019 жылдың 11-15 қа­раша күндері өткізілген «WorldSkills Kazakhstan-2019» V республикалық чем­пионатына облыс атынан қатысқан 33 сту­денттің 17-сі (4 алтын, 2 күміс, 2 қола, 9 медальон) жеңімпаз атанып, жалпыкомандалық есепте Түркістан облысы үшінші орынды иеленді. 2020 жылы 16-25 қыркүйек аралығында өткізілген «WorldSkills Russia» халықаралық чем­пионатына Түркістан өңіріндегі Кен­тау көпсалалы колледжінің түлегі, «WorldSkills Kazakhstan-2019» V респуб­ликалық чемпионатының алтын медаль иегері Мақсат Тәліпхан «Сырлау және әрлеу жұмыстары» құзыреттілігі бойынша қатысып, жүлделі ІІІ орынға ие болды.

2020 жылғы «Үздік педагог» атағын иелену конкурсына облыстың атынан 3 педагог іріктеліп, материалдары респуб­ликалық комиссияға ұсынылды.

Техникалық және кәсіптік білім беру­ді дамыту мақсатында тұрақты түрде жұ­мыстар жүргізіліп, еселі жетістіктерге жетті.

Экономиканың дамуына қажетті ба­с­ым­дықтарға байланысты 8 сала бойынша (білім беру, қызмет көрсету және туризм, техникалық және технологиялық, көлік, тігін және тоқыма өндірісі, IT-тех­нологиялар, құрылыс, ауыл шаруашылы­ғы) облыста 17 колледжде 22 мамандық бойынша құзыреттілік орталықтар құры­лып, облыстағы техникалық және кәсіптік білім беру саласын дамытудың кешен­ді жоспары жасалды. Қазіргі таңда атал­ған жоспар бойынша тиісті іс-шаралар өт­кізілуде.

Аталған жоспарға сәйкес бірқатар жұмыс атқарылып, «Назар­баев зияткер­лік мектептері» ДББҰ педа­го­ги­калық ше­берлік орталығымен 2019 жылы түзілген меморандум аясын­да педагогикалық ма­мандар жаңартылған білім беру маз­мұнын игеру үшін педаго­гикалық колледж­дер­де арнайы пәндерден сабақ бере­тін 233 оқытушы біліктілігін арттыру курсынан өтті. 2020 жылы «ТАLАР» КеАҚ ұйымдастыруымен 80 арнайы пән оқы­тушысы, кәсіпкерлік негіздерінен 16 оқы­тушы, IT-технологиядан 3 010 оқы­ту­шы, жалпы орта білім пәндері бойынша жа­ңар­тылған білім беру мазмұнын оқуға 562 оқы­тушы біліктілікті арттыру курс­тарынан өтті.

Аталған орталықтардың жұмысын жандандыру мақсатында мамандықтар бойынша облыстық байқау мен семинарлар, сонымен бірге «Festo» (Германия) компаниясының өкілдерін тартумен мехатроника бойынша тренинг, «Vision интернет маркетинг» компаниясының ма­ман­дарын тартумен IT-технология саласы бо­йынша 22 азамат оқыту курсынан өткізілді.

Сонымен қатар кәсіптік білім саласын дамытуда Түркия Республикасының Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігімен, Өзбекстан Республикасы жо­ғары және арнайы орта білім беру ми­нистрлігімен, Германиялық KNAUF компаниясының Қазақстандағы филиалдарымен салалар бойынша педагог кадр­лар мен білім алушылардың өндірістік тағылымдамасын ұйымдастыру бойынша келіссөздер жүргізілді. Келес ауда­нындағы №13 колледж Өзбекстанның Таш­кент қаласындағы 3 колледж­бен ын­ты­­мақтастық жүргізу туралы келісім­шарт жасасты.

Колледждер арасында кәсіптік бі­лім берудің озық тәжірибесін тарату жә­не тәжірибе алмасу мақсатында True­Conf бағдарламалық порталы арқылы онлайн-сабақтар мен видеоконферен­ция­лар ұйымдастырылып, екі жыл ішінде (қашықтан оқыту басталғанға дейін) 236 онлайн-сабақ таратылды.

Бүгінгі таңда қызмет көрсету, тігін және тоқыма өндірісі құзыреттілік орта­лықтар Өзбекстан Республикасымен та­мақтандыруды ұйымдастыру, аспаз, кон­дитер, даяшы, тігін өндірісі, киім дизайны, шаштараз, т.б. қызмет көрсету мамандықтары бойынша «Renovation services group» және Өзбекстанның көр­кемөнер академиясы жанындағы П.Бенков атындағы республикалық көркемөнер кол­леджімен ынтымақтастық орнатып, бірлескен жұмыстар атқаруда.

Шетелдік ынтымақтастық шеңберінде Кентау политехникалық колледжінің құ­рыл­тайшысы «Кентау трансформатор зауыты» АҚ-пен германиялық компания өкілдері бірлесіп, сапалы мамандар­ды даярлау бойынша меморандум түзілді. Нәтижесінде колледж атауы «Қа­зақ-неміс политехникалық колледжі» деп ауыстырылып, колледждің арнайы пән оқытушылары мен кәсіпорындағы студенттердің тәжірибе жетекшісі Гер­манияда тағылымдамадан өтіп, халық­аралық тәжірибені ендіруде.

Түркістан облысында техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2019-2020 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы әзірленіп, аталған Жол картаның тиісті тармақтарын орындау, сарапшыларды сертификаттау және біліктілігін арттыру арқылы халықаралық WorldSkills стандарттарына қол жеткізу; сонымен қатар қорытынды аттестаттау кезінде демонстрациялық емтихандарын өткізу көмегімен бітіруші түлектердің кәсіби дағдысын нығайту, қорытынды аттестаттау комиссиясының мүшелері болып тағайындалатын жұмыс берушілерге түлектердің заманауи талаптарға сәйкес келетінін дәлелдей отырып, жұмысқа орналасқан бітірушілердің үлесі артты. Биыл жоспар бойынша 2 колледж­де (10,5%) демонстрациялық емтихандар өткізіліп, түлектерге Skills-серти­фи­кат­тары берілді.

Жобаны жүзеге асыруға 2019 жылы Жастар жылының ашылу салтанаты ке­зін­де Тұңғыш Президент Н.Назарбаев бас­­тамашылық етті. «Жастар – ел тірегі» ұлт­тық жобасы шеңберінде облыста 12 кол­леджді «Жас маман» жобасы аясын­да 2020-2021 жылдары заманауи құрал-жабдықтармен қамту мақсатында тиісті жұмыс жүргізілуде. Атап айтқанда, 2020 жылы 1,6 млрд теңгеге 5 колледжді, 2021 жылы 2,1 млрд теңгеге 7 колледжді заманауи құрал-жабдықтармен қамту іске асырылуда. Аталған жоба арқылы 12 колледжді финдік SapranoGroup компания­сымен халықаралық салалық аккредит­теуден өт­кізу жоспарланған.

Президент тапсырмасымен облыстық кәсіпкерлер палатасының ұсынысы бойын­ша 2019 жылғы 27 желтоқсан күні өткен электронды тендердің қорытындысымен 3 колледж (Түркістан жоғары аграрлық колледжі, Түркістан индустриалды-құры­лыс колледжі, №16 колледж) сатып алу құ­қығынсыз сенімгерлік басқаруға берілді.

Қазіргі таңда, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасы­мен басқармаға қарасты 26 және 19 же­кеменшік колледжде «Sanaly Urpaq» жобасы жүзеге асуда. Jastar.kz жо­басы аясында «Жастар сыбайлас жемқор­лыққа қарсы» тақырыбында 14 акция ұйымдастырылып, оған 2 мыңнан ас­там студент қатысты. Әлеуметтік желі­лердегі білім беру ұйымдарының парақ­шалары арқылы бейнероликтер таратылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Семестрдің аяқталуына орай колледж­дерде «Парасыз сессия» акциялары мен «Жемқорлыққа жол жоқ!», «Сыбайлас жемқорлыққа деген әлеуметтік көзқарас», «Сыбайлас жемқорлық – қауіпті індет», т.б. тақырыптарда семинарлар мен дөң­гелек үстелдер тұрақты түрде өткізілді.

Түркістан қаласы колледждерінің сту­денттері Transparency Kazakhstan жаз­ғы мектебінде оқу курстарынан өтті. Об­лыстағы 64 колледжде жыл сайын Бі­лім күні мерекесіне орай бірыңғай «Адал­дық сағаты» өткізіліп, әлеуметтік желі­лерде «Ұстаздар сыйлық алмайды» видеоэстафетасы жарияланды. Сонымен қа­тар колледждерде Парасаттылық мек­тептері, Integrity Shop дүкендері ашы­лып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы имму­нитетті қалыптастыру жұмыстары жүр­гізілуде. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында жыл сайын 8-10 аза­маттан құралатын бақылаушылар штабы, 218 қоғамдық өкілден құралған мобильді бақылаушылар тобы құрылып, колледждердегі қабылдау емтиханда­ры кезінде сыбайлас жемқорлық факті­­лерінің орын алуын болдырмау, емти­хандардың өтуіне ашықтық пен жа­риялылық қамтамасыз етілуде. Сонымен қатар қабылдау емтихандарын өткізу кезінде объективтілікті арттыру мақса­тында Түркістан облысы бойынша ар­найы мониторингтік топ мүшелері оқу орын­дарының қабылдау комиссиясы құрамына қосымша бұйрықпен енгізіліп, оқуға қа­былдау емтихандарға қолжетімділігі қам­та­масыз етілді. Аталған жұмыстар тұ­рақты түрде жалғасын тауып, сыбайлас жем­қорлыққа қарсы күрес бағытындағы жұмыстар жандандырылады.

Тағы бір назар аударарлық жетістік ретінде Jastar.kz жобасы шеңберінде Білім жән ғылым министрлігінің бастамасымен «Колледждердің 100 үздік студенті» жобасына облыстағы 12 студент іріктеуден өтіп, 2 білім алушы 100 үздік студент тізі­міне енгенін атап өтуге болады.

Педагог-психологтердің кәсіби білік­тілігін арттыру мақсатында «Право» қоғам­дық қорының «Шанс» кәмелетке толма­ғандарды психологиялық-әлеуметтік, құ­қықтық қолдау орталығының ұйымдас­ты­руымен желтоқсан айында 2 оқыту се­­минары ұйымдастырылып, оған 51 қыз­­­меткер қатысты. Сонымен бірге «Re­Frame» тұлғалық дамыту орталығының ма­ман­­дарын шақырту арқылу 66 педагог-пси­холог біліктілігін арттырып, «Talap» КеАҚ ұйым­дастыруымен 2 679 педагог IT-курс­тары бойынша қашықтан оқыту техно­логиясын меңгеру шеңберінде арнайы даярлықтан өтті.

Атқарылған жұмыс аз емес, алға қо­йылған мақсат та көп. Алдағы уақытта облыстағы техникалық және кәсіп­тік білім беру саласын дамыту үшін әр кол­ледж педагогінің үлесі зор еке­нін ескере отырып, жалпы педагогтер қауы­мын Қазақстандағы кәсіптік білім беру сала­сының 80 жылдығымен құттық­таймыз!

 

Рахия АСАНОВА,

Адами әлеуетті дамыту басқармасы басшысының орынбасары

 

Түркістан облысы