Таным • 16 Қазан, 2020

Сарытұңғиық

540 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сарытұңғиық (Núphar lútea) – нимфалар немесе тұңғиықтар (Nymphaeaceae) тұқымдасына жататын, су бетінде қалқып тұратын, судың түбіне беки өсетін немесе суға жартылай батып өсетін көпжылдық гигрофитті өсімдіктер. Сарытұңғиық «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық парк аумағынан 2019 жылы Қатынсу өзенінің N 46036.330/ E 081058.282/ координатымен тоған суынан тізімделді. 2020 жылы зерттеу жұмыстары жүргізілді.

Сарытұңғиық

Биіктігі 1,5-2 метрге жетеді. Тамыры жуан (диаметрі 3-10 см-ге дейін), су астын­дағы жапырағы жіңішке, солғын, ал су бетіндегілері ірі, сопақ, пішіні жү­рек­ке ұқсайды. Дара, сары түсті гүлде­рінің ұзын гүлсағағы болады. 4-5 ірі тос­тағанша жапырақшалары, өте көп ұсақ күлтелері бар. Аталығы мен жеміс жапырақшаларының саны көп. Шілде-тамыз айларында гүлдеп, жеміс салады. Жемісі – етженді тұқымша.

Таралу аймағы Қатынсу өзенің ағы­сы баяу, тоғанды су жерінде өседі. Сары­тұң­ғиық – дәрілік өсімдік, тамырында алка­лоид, крахмал, шайыр, илік заттар бар. Емдік мақсатқа өсімдіктің сабағы мен тамырын, жемісін пайдаланады. Тұн­басын өкпе туберкулезіне, бүйрек пен қуық­тың қабынуына қарсы ішеді. Сыраға қай­натыл­ған тамырымен бас жуса шаш жақсы өседі.

 

Салтанат МӘЖЕНОВА,

«Тарбағатай» МҰТП» РММ Ғылым, ақпарат және экологиялық мониторинг бөлімінің аға ғылыми қызметкері

 

Шығыс Қазақстан облысы