Өнер • 16 Қазан, 2020

Саңлақ бейнеленген сырмақ

869 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорында сан алуан жәдігер бар. Соның бірі – күй анасы атанған Дина Нұрпейісова бейнеленген сырмақ.

Саңлақ бейнеленген сырмақ

Әдетте өнердің қай түрінде де адамның бейне­сін сомдау оңай емес. Десек те күйші бей­несі салынған сырмақ музей қорына 1992 жылы тапсырылыпты. Оны Алматы қала­сының тұрғыны, суретші Қ.Айтқалиев ұсын­ған екен. Сырмақтың беті жасыл, ақ, қоңыр түсті маталар­дан құрастырылыпты. Он сауса­ғынан күй төгілген дарын иесі Дина Нұрпейісо­ва­ның дом­быра ұстап тұрған бейнесі киізге сы­рып тігіліпті.

Сырмақтағы бейненің айналасына күйші шығарған шығармаларының аттары қара түсті жіппен жазылған. Жоғарғы тұсына елдің өркен­деу кезеңін білдіретін көріністер де бейне­леніпті.

 

Атырау облысы