"Атыраудағы дәріханалар желісінде дәрілік заттардың төмендемейтін қорын қамтамасыз ету үшін "Атырау" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" АҚ арқылы аса қажетті 40 түрлі дәрілік заттар сатып алынды. Қазір дәр-дәрмектің дені 164 дәріханаға жеткізіліп, қалғаны тұрақтандыру қорының қоймасында сақтаулы тұр.
Облыста дәрі-әдрмектердің 3 айға дейін азаймайтын қор жасақталды. Бұған қоса демеушілік көмекпен дәрілік заттардың 9 атауы бойынша дәрі-дәрмек жеткізілді. Медициналық маскалар мен бір реттік қолғаптар да жеткілікті" дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының әақытша міндетін атқарушы Асхан Байдуәлиев.