Саясат • 16 Қазан, 2020

Ресейдің қорғаныс министрі Қазақстанға ресми сапармен келді

321 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Қазақстан мен Ресей қорғаныс ведомство басшыларының кездесуінде қорғаныс ауқымындағы стратегиялық серіктестік пен ынтымақтастықты бұдан әрі дамыту даярлығы бекітілді, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ресейдің қорғаныс министрі Қазақстанға ресми сапармен келді

Бүгін Нұр-Сұлтанда Қазақстанның Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев ресейлік әріптесі Сергей Шойгумен елімізге келген ресми сапары барысында кездесті.

Құрылымдық диалог барысында олар өңірлік қауіпсіздікті қолдау және қамтамасыз ету жөнінде пікір алмасты.

Тараптар Қазақстан мен Ресейдің екіжақты әскери және әскери-техникалық ынтымақтастықтың ағымдағы жағдайын талқылап, алдағы уақыттардағы анағұрлым өзекті бағыттарды айқындады.

Екі ел арасындағы қорғаныс ынтымақтастығы түрлі ауқымдағы жоғары деңгейдегі өзара іс-қимылмен сипатталатынын атап өткен жөн.

Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясымен қатынасы бауырлас елдер арасындағы көпжоспарлы стратегиялық ынтымақтастығының маңызды бағыттарының бірі болып табылады.

"Екіжақты нысандағы іс-шараларға ғана емес, сонымен қатар ҰҚШҰ, ШЫҰ, ТМД сияқты көпжақты ынтымақтастық аясындағы іс-шараларына да белсенді қатысамыз. Қорғаныс ведомство басшылары орынбасарларының деңгейінде құрылған қорғаныс кеңес беру институты құрылым ретінде қызмет көрсетіп, қол жеткізген сенімхаттарын іске асыруда түзетуге және басымдықтарын көрсетуге мүмкіндік береді", – деп ҚР Қорғаныс министрі атап өтті.

Қазақстан мен Ресей өңірлік қауіпсіздік мүддесінде олардың стратегиялық серіктестіктегі маңыздылығын қарастыра отырып, өзінің қорғаныс және әскери-техникалық ауқымдағы байланысын тұрақты түрде жетілдіреді.

Екіжақты ынтымақтастықтың басты элементі бірлескен жауынгерлік даярлық,әскери-техникалық ынтымақтастық және кадрлар даярлау мәселелері болып қалуда.

Биыл санитралық-эпидемиологиялық жағдайларға байланысты қазақстандық әскерилер "АрХО-2020" конкурстарына толық қатысуға мүмкіндігі болмады. Сонда да қазақстандықтар тарапы алдағы халықаралық армия ойындарына қатысуға қызығушылық танытып отыр, сондай-ақ 2021 жылы ұйымдастырушы ел ретінде қатысуға дайын.

Қазақстан мен Ресей арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық шеңберінің жоғары деңгейі байқалды, бұл қару-жарақ пен әскери техниканы қою бойынша бірлескен жобаларды толық жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Өткен жылдары Қазақстанның Қарулы Күштері ресейден шыққан авиация техникаларын, ӘШҚҚ құралдарын, әскери-теңіз күштерінің жарақтарын, оқ-дәрілер мен запастардың айтарлықтай бірлігін сатып алды.

Қазақстанның Қорғаныс министрлігі жоғары және жоғары білім алғаннан кейін білім алу бағдарламалар бойынша Ресей Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарында әскери кадрларды даярлауға, сондай-ақ Ресей Федерациясы Қарулы Күштерінің мамандандырылған оқу-жаттығу орталықтарының базасына мамандарды жіберуге бұдан әрі де мүдделі.

Жаңа оқу жылында ресейліктер тарапынан қазақстандық әскери қызметшілерді оқытуға барынша көп квота бөлінгенін атап өткен жөн.

Қазақстанның Қорғаныс министрі ресейлік әріптестерімен әңгіме барысында ресейлік әскери дәрігерлердің еңбегін ерекше атап өтті. Айта кетсек, ағымдағы жылдың тамызында РФ ҚК әскери дәрігерлерінен құралған топ өздерінің қазақстандық әріптестеріне практикалық және методологиялық қолдау көрсетті, бұл ұлттық әскери медициналық қызметте COVID-19 вирусымен сырқаттанған пациенттерді емдеуде әлемдік озық тәжірибені екшеп, эпидемиологиялық шаралардың кең шеңберін зерделеуге мүмкіндік берді.

- Аса қажет болғанда Ресей Федерациясы таратынан көрсетілген көмегін жоғары бағалаймыз. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің медициналық мүлікті жеткізуде және ағымдағы жылдың тамызында әскери медициналық бригадаларды жіберуде  көрсетілген көмекке алғыс білдіремін, – деді Нұрлан Ермекбаев.

Қазақстан мен Ресей қорғаныс министрлерінің кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы әскери ынтымақтастық туралы жаңартылған шартқа қол қойылды.

Аталған шарт күшінен енген сәттен бастап, негізгі ережелері іске асырылған, 1994 жылы 28 наурызда қол қойылған Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы бұрынғы шарт күшін жояды.

Өткен жылдардағы мемлекет аралық құжаттарда қарастырылғандай, Әскери ынтымақтастықтың жаңартылған шарт ережелеріне сәйкес кадрларды даярлау, қару-жарақ пен техниканы қою, бірлескен екіжақты және көп жақты оқу-жаттығуларға, әскерлерді жауынгерлік даярлық шараларына қатысу кең ауқымда жүзеге асырылады.

Жаңартылған шарт сондай ақ халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс қимыл, бітімгершілік қызмет, өңірлік қауіпсіздік қатерлеріне қарсы іс қимыл, мәдениет және спорт қызметтері енгізілген өзара іс қимылдың жаңа бағыттары мен нысандарымен толықтырылды.

Айта кетейік, шарт ережелерін дамытуда үш жылдық кезеңге әскери ауқымдағы Стратегиялық серіктестік бағдарламасы әзірленеді. Ол серіктес мемлекеттер ұмтылатын бағыттарды анықтайды және бірлескен іс-шаралардың жылдық жоспарларын даярлауға негіз болып табылады.

Келіссөздер нәтижелері бойынша, сонымен қоса мынадай екіжақты құжаттарға: Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі мен Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі арасында Тамақтануды ұйымдастыру кезіндегі өзара есеп тәртібі және 2021 жылға арналған Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы қорғаныс министрліктері арасындағы екіжақты әскери ынтымақтастық жоспары туралы келісімдерге қол қойылды.