Қазақстан • 19 Қазан, 2020

Президент тапсырмасымен ПТР тестінің құны арзандады

254 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

"INVIVO" және "Олимп" зертханаларында ПТР-тестілеу қызметінің бағасы 9000 теңгеге дейін арзандады. Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Президент тапсырмасымен ПТР тестінің құны арзандады

Агенттік баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, клиникалық-диагностикалық зертханалармен антимонополиялық комплаенс актісіне қол қойылған, зертханалар бағаларды өз еркімен төмендеткен.

Еске салсақ, бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ПТР тестін тапсыру құны ай соңына дейін арзандайтынын мәлімдеген.

"Қазіргі кезде болжамды түрде 11 мың теңгеден 8 900-ге дейін төмендеуі тиіс. Бұл бағытта тиісті есеп-қисап жүргізілуде. Қажетті қадамдарды саладағы қауымдастықтармен, «Атамекен» ҰКП-пен пысықтап жатырмыз", - деді Алексей Цой.