Білім • 19 Қазан, 2020

Ауғанстан, Түркіменстан, Өзбекстан, Қытай, Моңғолияда тұратын қазақ жастары оқуға келуде

1399 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Облыс орталығындағы Toraigyrov University,  Иновациялық Еуразиялық,  педагогикалық университетте  оқу орындарының дайындық бөлімдеріне шетелден келіп оқитын қазақ жастарының саны көбеюде, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ауғанстан, Түркіменстан, Өзбекстан, Қытай, Моңғолияда тұратын қазақ жастары оқуға келуде

Індет басталмай тұрып, жыл сайын грант саны да көбейіп, оқуға келген жастарға жатақхана берілді.

Ал, Toraigyrov University-нің "Foundation" дайындық факультеті алғаш 2014 жылы ашылғанда 50 жас келген болатын.

Ауғанстан, Түркіменстан, Өзбекстан, Қытай және Моңғолиядан келген 178 жас, олардың 107-сі Toraigyrov University-де, 36-сы ИнЕУ-де, 35-і ПМПУ-де оқыды.

"Дүниежүзі қазақтар қауымдастығы" облыстық филиалының төрағасы Болат Зауыттың айтуынша, Елбасы 2017 жылы "Дүниежүзі қазақтары" 5 ші құрылтайында шетелдегі қандастарға қолдау көрсету бойынша бірқатар тапсырма берген болатын.

Нәтижесінде 40 шақты елде тұратын қандастарымызға рухани, мәдени және іскерлік жағдай жасау мақсатында мемлекеттік бағдарлама әзірленді. Соның бір бағыты – шет елдегі қандастардың еліміздің таңдаулы жоғары оқу орындарында білімін жетілдіру, әрі қарай өз қалауымен магистратура және докторантураға түсуіне мүмкіндік жасау.

"Бұл жастар дайындық курстарынан кейін ҰБТ тапсырып, өздері таңдаған жоғары оқу орындарына түсе алады", - дейді Болат Зауытұлы.

Toraigyrov University Foundation факультеті деканының орынбасары Алуа Жаханқызының сөзінше, былтыр Ауғанстан елінен жастар келген.

Ай сайын 17807 теңге көлемінде шәкіртақы алады, жылына бір рет отбасына барып-қайтатын жолақысы төленеді. Тегін азық-түлік беретін демеушілер де бар, әртүрлі мереке кезінде торт, тәтті тоқаш жеткізіп беріп тұрады.

Былтыр оқыған 79 студенттің 55-і өз жерімізде қалған. Ал қалғандары басқа жоғары оқу орындары мен колледждерге түскен.

Павлодар облысы