Аймақтар • 19 Қазан, 2020

Қостанайда екі бірдей жасырын казино әшкере болды

359 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай облыстың экономикалық тергеу департаменті мен «Қыран» арнайы бөлімшесінің қызметкерлері облыс орталығында астыртын жұмыс істеп келген екі бірдей казиноны әшкерелеп отыр. Ұсталғандар қаланың екі ауданынан ғимарат жалдап, түрлі құмар ойындарын ұйымдастырып келген. Жасырын казинолар әр ойынға кем дегенде 10 мың теңгеден артық ақшасы бар үш ойыншыдан ғана жіберіп, ойын шарты туралы ауызша келісім жасасып отырған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қостанайда екі бірдей жасырын казино әшкере болды

Экономикалық тергеу қызметінің мәліметінше, казино орналасқан ғимараттарды тексеру барысында 1 покер үстелі, құмар ойынның өзге де түрлеріне арналған 6 үстел, 15 ойын картасы, фишка толы кейс, бейнежазба түсіріп отыратын ресивер, "Samsung" маркалы электронды планшет және ақша табылған. Заңсыз ойынханада табылған заттар айғақ ретінде тәркіленіп алынды.

 

Қостанай облысы