Қоғам • 19 Қазан, 2020

Қоғамның "Nur Otan" партиясына көзқарасы қандай?

209 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қоғамдық саясат институтының қазан айындағы сауалдама нәтижелеріне сәйкес азаматтардың "Nur Otan" партиясын қолдау деңгейі 76,8% құрайды, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғамның "Nur Otan" партиясына көзқарасы қандай?

Сонымен қатар 70,7% партияның саяси салада бәсекелестері жоқ деген пікірде, ал респонденттердің 69,2% елдің одан әрі дамуын тек "Nur Otan" партиясымен байланыстырады.

Партияны қолдаудың жоғары деңгейі, бұл пандемия кезеңінде халықты қолдау жұмыстарының күшеюінің, кері байланыстың онлайн-арналары мен қоғамдық қабылдаулардың нығаюының, Елбасы мен Мемлекет басшысының тапсырмаларының орындалуын бақылау жөніндегі мақсатты жұмыстарының нәтижесі.

о

Сондай-ақ партия рейтингтерінің артуына қоғамда сұранысқа ие бола білген праймеризді өткізу ықпал етті. Праймеризде партия мүшелерінің 82,4% дауыс берді, 10 мыңнан астам кандидат тіркелді, олардың 55% - тен астамы қалалық және аудандық мәслихаттар тізіміне өтті. Қазақстандықтардың 65,3% партиялық сайлау туралы естіген, олардың 62% праймеризді "жақсы тәжірибе" деп санайды.