Руханият • 20 Қазан, 2020

Алматыда Абайдың мерейтойына орай 175 түп қарағай отырғызылды

390 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай 175 түп қарағай отырғызу бастамасына қаланың Жасыл экономика басқармасы, Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара академиясы және Қазақ саңыраулар қоғамы мұрындық болды.Бірлескен жоба қарағай орманын құрып, шаһардағы жасыл желек санын арттыруға бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz

Алматыда Абайдың мерейтойына орай 175 түп қарағай отырғызылды

Алматы қаласы "Рухани жаңғыру" жобалық офисінің дерегіне сүйенсек, бұл игі шараға қарапайым тұрғындар да отбасыларымен келіп,  ағаш екті. Шара барысында әскери курсанттар Абайдың өлеңдерін оқып, ұлы тұлғаның рухына тағзым етті.

Жазық алаңдарды үлкен орманды алқаптарға айналдыруды мақсат екен шара барысында  "KAZ ECO PATRUL" ҚБ төрағасы Тимур Елеусізов хакім Абайдың табиғатты көп жырлағаны жайында айта келіп, табиғат жанашырларының осындай жұмыстар жүргізіп жатқандығын атап өтті.