«Egemen Qazaqstan» басылымы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен әлемдегі маңызды да өзекті тақырыптар жөнінде бірегей контент дайындайтын Project Syndicate жобасы мақалаларын жариялауды жалғастырады.
Оқырман назарына ұсынылып отырған екі мақала да қазіргі таңда өзекті. Бүкіл әлемді әуре-сарсаңға салған коронавирус індетімен күрес әр елде түрлі бағытта жүріп жатқаны белгілі. Тұманды Альбиондағы беделді саналатын University College London университетінің профессорлары Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсонның «Айды ату операциясы» (Moonshot operation) деп аталатын бағдарламасын сынға алады. Мақала авторларының пайымдауынша, күнделікті тестілеу санын көп мөлшерде жүргізгенімен, нақты шаралар қабылданбаса, ондай қадам өзінің жемісін бермейді. Керісінше медицина қызметкерлерін шатастырады. Осы орайда, коронавирус пандемиясымен күресіп жатқан қазақстандық саясаткерлер де мақалада айтылған сындарды ескеріп, сабақ алады деп үміттенеміз.
Таяуда ғана, 7 қазанда жарық дүниемен қоштасқан ғалым, Нобель сыйлығының лауреаты Марио Молина бүкіл әлемге төніп тұрған қатер – жаһандық жылыну туралы ой қозғайды. Автордың пайымдауынша, Арктиканың еруі – жер-жаһанның дәл төбесінде тұрған бомба секілді. Солтүстік полюстегі әр мұздық еріген сайын бомбаның жарылатын уақыты жақындап келе жатқандай. Бұл мәселеге халықаралық қоғамдастық та бей-жай қарамайтыны түсінікті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биыл БҰҰ Бас Ассамблеясы 75-сессиясының жалпысаяси дебатында сөйлеген сөзінде климаттың жылынуына ерекше мән берген еді.
«Климаттың өзгеруі – өркениетімізге қатер төндіріп отырған тағы бір экзистенциалды дағдарыс. Бұл мәселе қауіп төндіріп қана қоймай, сонымен қатар басқа қатерлер үшін «қозғаушы күш» қызметін де атқарады. Адамзат баласы бұл жаһандық сын-қатерге төтеп беруге әлі де қауқарсыз», деген Президент БҰҰ-ға мүше мемлекеттерді климатты жақсартудың алты оң қадамы атты жоспары аясында күш біріктіруге шақырды. Ендеше, М.Молинаның мақаласы Мемлекет басшысы айтқан мәселемен үндесетіні сөзсіз.

ЛОНДОН – Дзен буддистерінде мынандай тәмсіл бар. «Айды көрсетіп тұрған саусақ пен айды шатастырып алма». Бір нәрсенің шешіміне мән беріп жүргенде, оның негізгі мағынасын ұмыт қалуы мүмкін. Біздің мысалда – Ұлыбританияның премьер-министрі Борис Джонсонның 130 миллиардтық «Айды ату операциясы» бағдарламасы. Осы жобаға сәйкес, Тұманды Альбионда COVID-19 тестінің ауқымын тәулігіне 350 мыңнан алдағы көктемде 10 миллионға жеткізу көзделген. Джонсонның жоспары сәтті шыққанның өзінде үкіметтің тиімді тестілеу және бақылау жүйесін жасай алмағанынан қоғам назарын аударады. Әйтпесе қоғамдық секторға біліп тұрып мән бермегенін көрсетеді.
Билік өкілдері климат өзгеруі COVID-19 пандемиясы секілді негізгі ұжымдық мәселелерді шешуге арналған міндетті қадамдар қабылдауға тиіс. Жан-жақты ұйымдастырылған жаһандық тестілеу жоспары мен нақты тест және бақылау жүйесі экономиканың қауіпсіз түрде жұмыс істеуінде маңызды рөл атқарады. Сондай-ақ экономиканы қалпына келтіруде өндірістік өнімдерді жетілдіру де өзекті.
Алайда Джонсон үкіметінің жоспары күдікті қоюлата түседі. Біріншіден, тесттің санын арттыруға ерекше мән беру оның басты мақсатын ұмыт қалдырады. Яғни, адамдардың денсаулығын тексеріп, кіммен байланысты болғанын бақылап, қоғамдағы індеттің жұғу қарқынын анықтау назардан тыс қалады. Белгілі бір аймақтағы вирустың таралу ауқымын тексеру, бұрмаланбаған, қажетті көлемде ғана тестілеу жүргізу оның санын көбейтуден әлдеқайда тиімді.
Оған қоса, бүкіл адамды жалпылама тексеруді арттыру жалған нәтижені де көбейтеді. Үкіметтің статистика жөніндегі кеңесшісі Дэвид Шпигелхальтердің сөзіне сүйенсек, 99 пайыз дәлдікпен анықтайтын тестілеуді күніне 10 миллион адамға жүргізгенде, тәулігіне 100 мың адамның анализі қате шығады. Осылайша, денсаулық сақтау қызметін шатастырып, бағыттан жаңылдыруы әбден мүмкін. Сападан гөрі санға мән берген үкіметтің жоспарын дайындаушылар Ұлыбритания Ұлттық бақылау комитетімен кеңеспеген секілді.
Екінші мәселе, жоспардың орындалуы. Жобаға сәйкес, үкімет қажетті тестілермен қамтамасыз ету үшін пайдаға жұмыс істейтін компанияға иек артуды жалғастыра бермек. Бірақ керек кезде тәулігіне тест әзірлеуді 700-ден 7000-ға көтере алмаған компаниялардан күнделікті 10 миллион тестіні қалай талап етесің?
Министрлер кабинеті мен Қазынашылық өкілі Теодор Агню таяуда атап өткендей, мұндай аутсорсинг үкіметтің кемшілігін көрсетіп, сапасыз тауармен қамтамасыз етті. Расында, COVID-19 тестін аутсорсинг арқылы алу нақты шешімді қажет ететін көптеген мәселе туындатты. Олардың қатарында сапаны бақылаудың нашарлығы, алғашқы көмек көрсететін дәрігерлер мәліметімен сай келмеуі, пациенттерге қолжетімді болмауы (көпшілік тест тапсыру үшін бірнеше шақырым жүруі керек еді).
Осындай кемшіліктерді ескерсек, үкіметтің жоспары уыстан шығып кеткен тағы бір мүмкіндік секілді көрінеді. Оның орнына жергілікті денсаулық сақтау саласына жауапты мекемелерге тестілеу жөнінде келісім, дәрігерлер тарапынан сенімге ие әрі қажетті сарапшылары бар негізгі құрал-жабдық жасаушылармен келісімшарт ұсыну тиімді болатын еді. Кез келген фельдшерде мұрыннан жағынды алатын құрал бар. Олар өзіне қарайтын аумақта, бір мильге дейінгі қашықтықта тестілеу жасай алатын еді. Мейірбикелер мен арнайы жаттығудан өткен қызметкерлер жан-жақтағы қауымнан тиісті үлгілерді жинап, тестілерді Ұлттық денсаулық сақтау қызметі зертханасына жеткізу үшін курьер қызметін қолдана алатын еді. Өз кезегінде Ұлттық денсаулық сақтау қызметі тестілеудің нәтижесін бухгалтерлік фирмалар жүргізетін зертханаларға қарағанда әлдеқайда сенімді тәртіппен анықтайтын еді.
Мұның бәрін есепке алмаған үкімет жағдай нашарлағанда басқаларды кінәлауға көшті (Қазірше «жастарды»). Тіпті, қоғам ресми кеңеске құлақ асып жүрсе де. Егер тұрғындар Оңтүстік Корея мен Норвегия секілді елдердегідей өздері тұратын аймақтағы вирустың таралу ауқымы туралы ақпаратпен жеткілікті деңгейде хабардар болып отырса, олар қауіпсіздік протоколдарын орындап, билік өкілдеріне сенімін жоғалтпайтын еді. Ұлыбритания мұның бірде-бірін жасаған жоқ әрі жергілікті жерде контактілерді анықтауға талпынған 750 мың еріктінің еңбегін дұрыс пайдаланбады.
Ендеше, үкімет өте ауқымды жоспарымен бөліскенімен, оның нақты шаралары әлі де жетілдіруді талап етеді. «Айды ату» риторикасын қолдана отырып, Джонсон пандемияның кері әсерін азайту мақсатында көзге көрінбейтін майданда жұмыс істеп жүргендердің еңбегін еш кетірді.
Өкініштісі, ортақ мақсатқа қызмет ететін динамикалық қоғамдық саланы құруға арналған міндетке негізделген әрекеттің негізгі мәнін ескермей, үкімет қоғамдық денсаулық саласын одан әрі нашарлата түсті. Құны100 млрд фунтстерлингті құрайтын жоспар Англия денсаулық сақтау қызметінің бір жылдық жалпы бюджеті 114 млрд доллардың 87,7 пайызын құрайды. Жергілікті күшті пайдаланып, тестілеуге қолжетімділікті арттырып, оқшауланғандарға қаржылай көмектесіп, ұлттық және жергілікті денсаулық жүйесін біріктірудің орнына бұл қаражат басқа бағытқа, мақсаты бөлек бухгалтерлік фирмалар жүргізетін аутсорсингтік жүйеге жұмсалмақ.
Дәл қажет кезінде Ұлыбританияның қоғамдық денсаулық саласындағы көшбасшылығы Англия қоғамдық денсаулық агенттігін жауып, Денсаулықты қорғау ұлттық институтының құрылуымен (Англия қоғамдық денсаулық агенттігі, Ұлттық денсаулық қызметі тестілеу және бақылауы, Биоқауіпсіздік бірлескен орталығы бірікті) апай-топайға айналды. Бұл жаңа мекеме денсаулық сақтау саласында еш тәжірибесі жоқ саясаткер Дидо Хардингтің қол астына берілді.
Қоғамдық инвестицияның болмауы созылып, денсаулық сақтау саласын онсыз да қиын жағдайдан одан әрі құлдырата түсті. Ұлыбритания аутсорсингті көбейтуді емес, қоғамдық саланың ауқымын кеңейту қажет. Джонсон өз саусағына қарап тұрғанда, айды атқан оғы қате бағытта кетіп барады. Ұлыбритания қоғамы қуатты денсаулық сақтау жүйесін қажет етеді. Біз осы «айды» көздеуіміз керек. Қауіпсіз әрі дәл уақытында әрекет үшін ету төменнен жоғары қарай, салааралық инновация мен орталықтандырылған тиімді үйлестіруді жүзеге асыруға тиіспіз.
Мариана МАЦУКАТО, University College London университетінің Экономикалық инновация және қоғамдық құндылық жөніндегі профессоры
Энтони КОСТЕЛЛО, University College London университетінің Жаһандық денсаулық және тұрақты даму жөніндегі профессоры. Ол бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында ана мен бала денсаулығы департаментін басқарған
Copyright: Project Syndicate, 2020.
www.project-syndicate.org
«Мың алғыс»: Қайырымдылық телемарафонында 22 миллион теңге жиналды
Қазақстан • Кеше
Биыл медициналық сақтандыруға қанша қаржы бөлінеді?
Медицина • Кеше
2020 жылы МӘМС аясында қанша күрделі операция жасалды?
Медицина • Кеше
Елбасы • Кеше
Тарих • Кеше
Спорт • Кеше
Бас театрдағы балалар студиясы
Өнер • Кеше
Алтын шынжырдың соңғы шығыршығы...
Руханият • Кеше
Қызылорда облысында карантин шаралары жеңілдетілді
Аймақтар • Кеше
Былтыр СҚО-да 7 мыңға жуық нәресте дүниеге келген
Аймақтар • Кеше
Шығыс Қазақстанда жұма намазға жиналуға рұқсат берілді
Аймақтар • Кеше
Қызылжарда анасы ұрып-соққан қыз көз жұмды
Аймақтар • Кеше
Жалға алған үйін тонап кеткен ұры ұсталды
Аймақтар • Кеше
Францияның экс-президенті түрмеге тоғытылды
Әлем • Кеше
Бес облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Түркістан облысында газ желілері жаппай тексеріледі
Аймақтар • Кеше
Тергеушілердің ұстазы ұлықталды
Аймақтар • Кеше
Алматыда этносаралық қатынастарды дамыту мәселелері талқыланды
Аймақтар • Кеше
Алматыдан Қырғызстанға әуе рейстері қайта жанданды
Қазақстан • Кеше
Алматыда қанша тұрғын үй жылусыз қалды?
Аймақтар • Кеше
Армениядан әкелген көліктерді тіркеу мерзімі ұзартылды
Қазақстан • Кеше
Қырғызстанда Парламент сайлауы күзде болады
Әлем • Кеше
Қазақстандық кәсіпкерлер үшін салық есептеу жеңілдетілді
Экономика • Кеше
Алматы облысының Алакөл ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Алматылық студенттер Алғыс айту күнін атап өтті
Қазақстан • Кеше
Өмірбек Жолдасбековтың 90 жылдық мерейтойы тойланды
Қазақстан • Кеше
ҚДКБҚ депозиттердің сәуірдегі ең жоғары мөлшерлемелерін жариялады
Экономика • Кеше
Сыр елінен 700-ге жуық азамат әскерге барады
Аймақтар • Кеше
Ресей инвесторлары Атырауға бет бұрды
Аймақтар • Кеше
Қазақстанда мерзімді әскери қызметке шақыру басталды
Қоғам • Кеше
Асқар Мамин «Роскосмос» басшысымен кездесті
Үкімет • Кеше
Көктем кешікпей жетеді: Наурыз айына арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Кеше
Дубайдан келген 4 жолаушыдан коронавирус анықталды
Қоғам • Кеше
Үкімет • Кеше
Алматыда ұлттар достыған арқау еткен шара өтті
Аймақтар • Кеше
Қуатты құрылымның шуақты мерекесі
Қазақстан • Кеше
Әулиеаталықтар Алғыс айту күнін атап өтуде
Аймақтар • Кеше
Наурыз айында ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Кеше
Көпбалалы ана белгісіз кәсіпкерге алғыс айтады
Аймақтар • Кеше
Ержан Бәкірбайұлы Талдықорғанның әкімі болып тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Зейнетақы ақшасын стоматологиялық қызметке пайдалануға болады
Медицина • Кеше
Алматыда педагогтардың республикалық жиыны өтті
Білім • Кеше
Өңірлердегі медициналық ұйымдардың тозығы жеткен
Аймақтар • Кеше
Тараз полицейлері ұрлық жасаған күдіктіні ұстады
Аймақтар • Кеше
Шымкентте Алғыс айту күні аталып өтті
Аймақтар • Кеше
Киевте Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай іс-шара өтті
Руханият • Кеше
Ұқсас жаңалықтар