Қоғам • 21 Қазан, 2020

Қазақстандық мектептердің 99%-ы бейнебақылау жүйелерімен жабдықталған

228 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық мектептердің 99%-ы бейнебақылау жүйелерімен жабдықталған. 2018 жылы бұл көрсеткіш тек 75% -ды құраған болатын, деп хабарлайды Egemen.kz Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстандық мектептердің 99%-ы бейнебақылау жүйелерімен жабдықталған

"Білім беру ұйымдарын бейнебақылау камераларымен қамту мәселесі де маңызды. Бүгінгі таңда камералармен қамту көрсеткіші 99 пайызға жетіп отыр. Дегенмен атқарылған жұмыстың саны емес, сапасы маңыздырақ. Білім және ғылым министрлігі мен Ішкі істер министрлігінің бұйрықтарына сәйкес білім беру ұйымдарын бейнекамералармен қамту бойынша нақты талаптар қойылған. Орнатылған бейнебақылау камерелары барлық талаптарға сай болуы тиіс", – деді Асхат Аймағамбетов министрліктің аппарат жиналысы барысында.

Айта кетейік, өткен жылы мектептерді бейнебақылау жүйелерімен жабдықтау тек 75% -ды құраған еді.