Қоғам • 21 Қазан, 2020

Курсанттар парашютпен алғаш рет секірді

262 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлерінің әскери институтында екінші курс курсанттары МИ-17 тікұшағынан парашютпен алғашқы секіруді орындады, деп хабарлайды Egemen.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Курсанттар парашютпен алғаш рет секірді

Секіру алдында курсанттар тәжірибелі оқытушылардың нұсқауымен парашют жүйелерінің тактикалық-техникалық сипаттамаларын, парашютшілердің күмбезді ашқанға дейінгі және одан кейінгі іс-әрекеттерін зерттеді. Сонымен қатар қону тәртібін пысықтап, сынақтар тапсырды.

"Сынақ барысында десантшылар аспалы жүйені келтіру, парашют кию және секіру мен жабдықтауға байланысты мәселелер бойынша білімдерін растады. Бақылау сабағында әрбір курсант практикалық іс – әрекеттері мен дағдылары үшін баға алды", – деп түсіндірді институттың Әскери және арнайы барлау кафедрасының әскери барлау циклінің оқытушысы подполковник Роман Акмаев.

Бірінші секіру қарусыз және арнайы сөмкесіз өтті. Болашақта курсанттар қару-жарақпен және толық жабдықталыммен секіреді. Сондай-ақ күрделі жерге және суға қона отырып, түнгі жағдайларда десанттау көзделген.

Секіруден кейін оқытушылар мен нұсқаушылар курсанттарды бірінші емтиханды сәтті тапсырумен құттықтап, оларға парашютшілердің жолақ жейдесі мен төсбелгілерін табыс етті.