"Биылғы ауланған балықтың көлемі былтырғы осы кезеңдегіден 757 тоннаға артты. Жыл басынан бері бекіре тұқымдас балық қорын сақтау және көбейту мақсатында Жайық өзенінен 329 дана бекіре балығы ауланды. "Жайық-Атырау бекіре балық өсіру зауыты" мен "Атырау бекіре балық өсіру зауыты" 7,5 млн-нан астам бекіре тұқымдас балықтар шабағын су айдынына жіберді", дейді басқарма басшысы Артур Сәдібекұлы.
Оның айтуынша, өңірде балық аулайтын 18 балық шаруашылығы құрылымы бар. Бұл құрылымдарда 4 121 адам жұмыс істейді. Сондай-ақ, су тоғандарында балық өсіру қолға алынғалы отыр.