Абай • 22 Қазан, 2020

Үміткерлер анықталды

113 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Кө­шер­баевтың төрағалығымен онлайн форматта 2020 жылғы Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сый­лығын беру жө­нін­дегі комиссияның қорытынды оты­рысы өтті.

Үміткерлер анықталды

Комиссия мүшелерімен әдебиет, кино, театр, музыка, сәулет және бейнелеу өнері салалары бойынша аталған Мемле­кеттік сыйлықтың екінші кезеңіне өткен 11 жұмыс қаралды.

Отандық шығармашылық зиялы қауымнан құрылған Комиссия мүшелері конкурстың екінші кезеңіне өткен шығармалардың қоғамда талқылану барысы жөніндегі Мәдениет және спорт министрі А.Райымқұлованың ақпаратын тыңдады.

Комиссия жасырын дауыс беру арқылы Мемлекет басшысының қарауы­на ұсынылатын 2020 жылғы Қазақ­стан Республикасының Абай атында­ғы әдебиет пен өнер саласындағы мемле­кет­тік сыйлығы лауреаттығына үміткерлерді анықтады.

Дәстүр бойынша Мемлекеттік сыйлық лауреаттарын марапаттау Тәуелсіздік күні қарсаңында өтеді, деп хабарлады Пре­зиденттің баспасөз қызметі.