Футбол • 22 Қазан, 2020

Чемпиондар лигасы басталды

152 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ала доп жанкүйері асыға күткен футболдан Еурокубок бәсекелерінің күзгі маусымы басталды. Чемпиондар лигасында өнер көрсететін командалар бастап берген топтық кезеңнің бірінші тур ойындары аса тартысты өтті.

Чемпиондар лигасы басталды

Турнирді тең ойындар шеруі ашып берді. Нақтылап айтар болсақ, Е тобындағы екі кездесуде де жеңімпаз команда анықталмады. «Чел­си» мен «Севилья» ойыншылары бір-бірінің қақпасына гол соға алмаса, топ­тық кезеңге тұңғыш рет қатысып жатқан «Крас­нодар» сырт алаңда «Реннмен» тең түсті (1:1). F тобында «Лацио» Римде «Боруссия» Дорт­мундты (3:1) сенімді түрде жеңді. Ал «Зенит» соңғы минутта қақпасына гол өткізіп алып, «Брюггеден» жеңіліп қалды.

G тобында өнер көрсететін «Барселона» «Ференцвароштың» (5:1) тас-талқанын шығарды. Каталониялықтардан Месси, Фати, Коутиньо, Дембеле және Педри мер­ген­дігімен көзге түсті. «Ювентус» Киевте Моратаның дублі арқасында 3 ұпай олжалады. Н тобында «Манчестер Юнайтед» сырт алаңда ПСЖ клубымен өткен ойында 2:1 есебімен жеңісті жұлып алса, топтағы екінші ойында «Лейпциг» «Ыстанбұл» (2:0) командасынан басым түсті.