Спорт • 22 Қазан, 2020

Қарсыласы ауырып қалыпты

142 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аралас жекпе-жектен БАӘ астанасы – Әбу-Дабидегі өтетін UFC 254 тур­нирінде екі бірдей отандасымыз қатысатынын бұған дейін жазған болатынбыз. Алайда Сергей Морозовтың қарсыласы денсаулығына байланысты жарысқа шыға алмайтын болған соң, жекпе-жек өтпейтін болды.

Қарсыласы ауырып қалыпты

Аса жеңіл салмақта сынға түсетін Сергей Морозов әу баста ресейлік Омар Нур­­маго­медовпен жұдырықтасуы тиіс еді. Алай­да 24 жастағы спортшы ауруханаға түсіп қалып, айқастан бас тартты. Морозовтың менеджері оған қарсылас іздегенмен, 2-3 күнде октагонға шыға қоятын спортшы табылмады.

Айта кетейік, UFC 254 турнирінің басты бәсекесінде ресейлік Хабиб Нурмагомедов пен америкалық Джастин Гэтжи күш сынасады. Олар жеңіл салмақтағы чемпиондық атақты сарапқа салады. Сонымен қатар жекпе-жек кешінде тағы бір жерлесіміз Шав­кат Рахмонов 32 жастағы Алекс Оливей­рамен айқасады.