Кеше Петропавл халықаралық әуежай қызметкерлері онлайн түрде өткен өңір басшысы Құмар Ақсақаловтың қоғамдық қабылдауына қатысты.
"Екі айдың ішінде әуежай банкрот деп танылу үшін арнайы процедураны өтеді. Компания "Солтүстік" әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының балансына өтеді. Яғни, мемлекет меншігіне алады. Келер жылдың бюджетіне әуежайды ұстауға қажет қаражатты енгіздік. Барлық шығын жергілікті бюджет есебінен өтеледі", - деді СҚО әкімі Құмар Ақсақалов.