Тағайындау • 22 Қазан, 2020

Атырауда Денсаулық сақтау басқармасының басшысы тағайындалды

422 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыс әкімінің өкімімен Денсаулық сақтау басқармасының басшысы лауазымына Асхан Байдуәлиев тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда Денсаулық сақтау басқармасының басшысы тағайындалды

Асхан Мархабайұлының мамандығы – дәрігер-уролог, медицина ғылымдарының кандидаты. С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетін бітірген. Еңбек жолын аталған университеттің урология және жедел нефрология кафедрасында ассистент болып бастады. Әр жылдары Алматы облысындағы Қарасай аудандық емханасының директоры, Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасының, С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті қосымша кәсіби білім орталығының басшысы қызметін атқарды.

Сондай-ақ, С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті клиникалық жұмыстар жөніндегі департаментінің директоры, Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып жұмыс істеді.

Бұдан бұрын облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары, басшының міндетін атқарушы болды.