"Алматы-2050" даму стратегиясына сәйкес қала аудандарында өмір сүрудің жоғары стандарттары қарастырылған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы облысының қала маңындағы аудандары Алматымен тығыз байланыста дамып келеді. Шетсіз қала бағдары бойынша даму стандарты орталық пен қала маңындағы аудандардағы алшақтықты жоюға мүмкіндік береді.
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың Алматыны дамыту стратегиясы аясында «шетсіз қала» қағидасына ерекше көңіл бөлетіні белгілі, жатын аудандарды дамыту, мегаполистің барлық аудандарында тұрғылықты жеріне қарамастан халықтың жоғары өмір сүру стандарттарын қамтамасыз етуді мақсат ететін қала басшылығының тапсырмасына орай Алатау ауданында тұрғындар тарапынан бұрыннан бері бірнеше рет көтерілген көкейкесті мәселелер шешімін табуда. Осы орайда Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен өткен баспасөз туры аясында Алатау ауданы әкімі Азамат Қалдыбеков аумақтың даму барысымен таныстырды.
Баспасөз туры барысында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында ашылған Алатау ауданы әкімі аппаратының ғимаратындағы «Ашық әкімдік» фронт-офисінің жұмысы таныстырылды. Жобаның мақсаты – мемлекеттік органдардың азаматтар үшін қолжетімділігін арттыру, кедергісіз орта қалыптастыру, халыққа «бір терезе» қағидаты бойынша қызмет көрсету. «Мұнда абаттандыру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, кәсіпкерлік және әлеуметтік саланы қамтитын 4 бөлім жұмыс істейді. Сонымен қатар, аудан әкімдігінің құзыретіне кірмейтін жер қатынастары, сәулет және басқа қалалық басқармаларға қатысты мәселелер де бар»,- деп атап өткен аудан әкімі А. Қалдыбеков осыған орай мамандардың жұмысы ұйымдастырылып, аптасына екі рет қала тұрғындарын қабылдайтындығын жеткізді.
Ауданда «Алатау аналары» қорының үлгісінде халықтың әлеуметтік-сезімтал топтарына көмек көрсететін қоғамдық қорлардың қызметі де таныстырылды. Мұнда тігінші, визажист, шаштараз, сәнгер болып 12 маман жұмыс істейді. Қор сонымен қатар әйелдер мен балаларды тігін ісіне, косметологияға, биге, музыкалық аспаптарға үйретуге мүмкіндік береді. Күні бүгінге дейін 2500-ден астам адам оқытылған. Сонымен қатар, «Жұмыспен қамту жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан Ақбұлақ шағын ауданындағы скверді ағымдағы жөндеу жобасы таныстырылды. Саябақта балалар мен спорт алаңдары, жекпе-жек алаңдары орналастырылып, инфрақұрылымы тұрғындар ыңғайына қарай жарақтандырылған. Аудан әкімінің айтуынша, саябақта балаларға арналған ойын алаңдары және демеушілердің күшімен спорттық манеж орнатылған. Бүгінгі таңда таэквондо, каратэ, бокс, күрес және кудо сияқты спорт түрлерімен жаттығуға мүмкіндік бар.
Алатау ауданында сонымен бірге «Шыңға өрлеу» бағдарламасы аясында «Домбыра орталығы» әлеуметтік нысаны ашылды. Демеушілердің көмегімен орталыққа құрал-саймандар сатып алынып, ғимаратқа жөндеу жұмыстары жүргізілген. Бүгінде орталықтан 100 бала домбыра ойнау дағдысын меңгерген.
Аббаттандыру барысында Шаңырақ-2 шағынауданы, «Шапағат» шағын маңы, сондай-ақ, «Ұлжан» шағын ауданындағы спорт аймағы таныстырылды. Онда жақында футбол алаңының ашылуы өтті. Аумақта жаттығу құрылғылары орнатылған workout аймағы бар. Аталған нысан бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында салынды. Сонымен қатар саябақты жөндеу жұмыстарымен танысты. Үш гектар аумақты алып жатқан аумақта балалар, баскетбол, workout алаңдары орналасқан. Аудандағы 13 шағын ауданында ұзындығы 108,2 км болатын жаңа жолдардың құрылысы жүргізілуде.
АЛМАТЫ
Салымшылар табысы 1,2 триллион теңгеден асты
Қаржы • Кеше
Алматыда шамамен індеттің 40%-ы қоғамдық орындарда жұғады
Коронавирус • Кеше
Өскеменде есірткі «қойып кетуші» қыз ұсталды
Видео • Кеше
Жаңақала жігіттерінің жақсы ісі
Қоғам • Кеше
Президент ауызсумен жабдықтауды субсидиялау туралы заңға қол қойды
Президент • Кеше
Қоғам • Кеше
Қостанайда құрылыс алаңы отқа оранды
Аймақтар • Кеше
Қазақстандық судьялар сот шешімінің орындалуын қадағалайды
Қазақстан • Кеше
Аймақтың дамуына «Ауыл – ел бесігі» екпін берді
Аймақтар • Кеше
Қостанайда карантин талаптары қайта күшейді
Аймақтар • Кеше
Елбасы Асхат Аймағамбетовті қабылдады
Елбасы • Кеше
Доллардың ертеңгі бағамы белгілі болды
Экономика • Кеше
Бірнеше облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Қазақстан • Кеше
Сау адамдарға ПТР-тест жасауға болмай ма?
Қоғам • Кеше
Қостанайдағы құрылыс алаңында вагон өртенді
Аймақтар • Кеше
WhatsApp бір айдың ішінде 30 млн қолданушысынан айырылды
Технология • Кеше
Өткен жылы Алматыға 88 мыңнан астам иммигрант келген
Қоғам • Кеше
Қытай әскері Тайванға басып кірді
Әлем • Кеше
Жамбыл облысында балық шаруашылығы дамып келеді
Аймақтар • Кеше
Қостанайда 9700 тұрақты жұмыс орны ашылады
Аймақтар • Кеше
Интернет алаяқтың тағы бір құрбаны 500 мың теңгесінен айырылды
Аймақтар • Кеше
Қызылордада күдікті көліктен 1 келі есірткі табылды
Аймақтар • Кеше
Сенаторлар нотариат туралы заң жобасын қарайды
Парламент • Кеше
Қарағанды облысында зейнеткерлер тоналды
Аймақтар • Кеше
Көлік апаты.. Ақтөбеде екі адам қаза тапты
Аймақтар • Кеше
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 9% сақтап қалды
Экономика • Кеше
Өз туыстарын тонаушылар көбейген
Аймақтар • Кеше
Әлемде табиғат апаттары жиілеп кетті - экологтар
Экология • Кеше
Бүкіл Еуропаға ортақ болған валюта табылды
Тарих • Кеше
Қазақстанда тоқыма өндірісінің қарқыны қандай?
Қазақстан • Кеше
Экология вице-министрі қызметінен босатылды
Қазақстан • Кеше
Елордада қылмыс саны 20%-ға азайған
Аймақтар • Кеше
1 ақпаннан бастап Алматы толығымен цифрлы телехабарға көшеді
Технология • Кеше
Дубайдан келген 4 жолаушыдан коронавирус табылды
Қазақстан • Кеше
Вакцина қабылданған АҚШ тұрғыны қайтыс болды
Әлем • Кеше
Бразилияда футболшылар бар ұшақ апатқа ұшырады
Әлем • Кеше
Көктемгі егіс науқанына дайындық басталды
Қазақстан • Кеше
Өскеменде автобус жаяу жүргіншіні қағып кетті
Оқиға • Кеше
БҚО: Баланы қар үйіндісі басып қалды
Аймақтар • Кеше
Қазақстандықтар БЖЗҚ-дағы ақшаны қайда жұмсай алады?
Қаржы • Кеше
Көксу зауыты қамыстан қант шығаруды қолға алды
Аймақтар • Кеше
Триестадағы турнирде алтыншы орында қалып қойдық
Спорт • Кеше
Індет жұқтырғандар саны көбейді
Коронавирус • Кеше
Алматының Әлеуметтік әл-ауқат басқармасына жаңа басшы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Білім беру саласы толығымен цифрландырылды
Аймақтар • Кеше
«HR-PROCESS»: 2 мыңнан аса үміткердің өтініші қабылданды
Аймақтар • Кеше
Президенттің апталық жұмысына бейне шолу
Видео • Кеше
Алдағы күндері қар жауып, күн жылынады
Қазақстан • Кеше
Мексика президенті коронавирус жұқтырды
Әлем • Кеше
Өткен жылы 240 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылды
Қазақстан • Кеше
Ұқсас жаңалықтар