"Жол қозғалысы ережелерін бұзу, оның ішінде жылдамдықты асыру фактілеріне қатысты фото-бейнетіркеуді жүзеге асыратын, жалпы автокөлік қозғалысын бақылауға алатын "КОРДОН М-2", "КОРДОН М-4" кешендерінің бейнекамераларына Армения Республикасынан әкелінген "BMW-525" автокөлігі түскенін анықтады. Көлік жүргізушісі 55 рет жылдамдықты асырып, 1 миллион 83 мың 420 теңге көлеміндегі айыппұлды төлемегені үшін ұсталды. Жылдамдықты 40 рет үдеткен "ВАЗ-21144" көлігінің жүргізушісіне салынған айыппұл мөлшері 666 мың 720 теңгені құраған. Сондай-ақ, "ВАЗ-2108" автокөлігінің жүргізушісіне 21 рет жылдамдықты асырғаны үшін 333 мың 360 теңге айыппұл салынған. Ал 28 рет жылдамдығын асырған Ресей Федерациясының есебінде тұрған "ВАЗ-21014" көлігінің жүргізушісіне салынған айыппұл 494 мың теңгеге жеткен", деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Патрульдік қызмет полицейлері иелері айыппұл төлемеген тағы 37 автокөлікті анықтап, тоқтатты. ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодекстің 785-бабына сәйкес, борышкер атанған жүргізушілердің көліктері айып тұрағына қойылды.