Әлем • 23 Қазан, 2020

Еуропадағы антирекордтар

156 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі комиссияның баспасөз қызметі Еуропадағы антирекордтар жайлы ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Еуропадағы антирекордтар

Францияда пандемия басталғаннан бері COVID-19 оқиғаларының ең көп өсуі тіркелді: өткен тәулікте 41 мыңнан астам адам жұқтырған. Коменданттық сағат 54 Департаментте және бір шетел аумағында енгізіледі.

Бельгияда үш мыңнан астам COVID-19 жұқтырған науқастар ауруханаға жатқызылды, оның ішінде бұрынғы премьер-министр Софи Вилмес бар.

Германияда тәулігіне коронавирустық инфекцияның 11 мыңнан астам жаңа жағдайы тіркелді. Ел үкіметі Еуропаның эпидемиялық қауіпті аймақтарының тізімін кеңейтті-оған Австрия, Италия және Швейцарияның танымал тау шаңғысы курорттары кірді.