Аймақтар • 23 Қазан, 2020

Әскери қоян-қолтық ұрыста мықтылар іріктелді

921 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өскемен гарнизонының спорт кешенінде санитарлық талаптардың қатаң сақталуымен, "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдері арасында әскери қоян-қолтық ұрыстан іріктеу турнирі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz

Әскери қоян-қолтық ұрыста мықтылар іріктелді

Қоян-қолтық ұрыстан "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының біріншілігі әскери қызметшілер арасында армиялық қоян-қолтық ұрысты танымал ету және дамыту мақсатында өткізілді.

Әскерилер Отан қорғау жолында кез-келген жағдайларға әзір тұру керек. Бүгінгі жарысқа қатысушы әскери қызметшілер күш сынасып, физикалық тұрғыда дайын екендерін көрсетті.

- Жарысқа қатысушылар белсенді болды. Бірақ біреуі біреуінен басым түсері заңдылық. Жарыс қортындысы бойынша сержант Санат Садықов,  кіші сержант Архат Баяхметов, ефрейтор Нұрболат Жұмабековтер іріктеу кезеңінен сүрінбей өтті, - дейді «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы жауынгерлік даярлық Басқармасының аға бағыттаушы офицері капитан Нұржан Тұрымов.   

Қоян-қолтық ұрыста мықтылық танытқан олар енді Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің чемпионатында өз салмақ дәрежелері бойынша бақтарын сынайды.

Өскемен