"15-22 қазанда 9 баланы ит қауып, дене жарақатын алғаны анықталды. Талдау көрсеткендей, балалардың бесеуін бұралқы иттер, үшеуін көршісінің, ал біреуін өз ауласындағы иті қапқан. Тоғыз баланың бәрі де алғашқы медициналық көмекке жүгінді. Дәрігерлер ит қапқан балалардың жарақатын жеңіл дәрежеде деп қорытынды жасады. Тіркелген оқиғалардың тек біреуіне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 408-бабымен хаттама толтырылып, ит иесіне 13890 теңге көлемінде айыппұл салынды. Қалған 8 дерек бойынша жәбірленушілер тарапынан арыз-шағым түскен жоқ", деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Ал Атырау қалалық полиция басқармасының басшылығы бұл деректі елеусіз қалдырған жоқ. Сөйтіп, Атырау қалалық әкімдігіне көшедегі бұралқы иттерден жасөспірімдер мен егде жастағы қарияларға, сондай-ақ, адам өміріне қауіпті жағдайларды болдырмау мақсатында шара қолдану туралы ұсыныс жолдады.