"Күн сайын аңертең мейірбике балаларда респираторлық аурулардың бар-жоғын анықтау үшін тексеру жүргізеді. Дене қызуын өлшеп, балалардың тамағын тексереді. Коронавирустық инфекцияның алдын алу мақсатында тәрбиешілер мен ата-аналар балаларды қарсы алу, шығарып салу кезінде бетперде режимі сақтайды. Балалар мен тәрбиешілердің сақтығы үшін балабақшаға кіреберісте, сондай-ақ әр топта санитайзерлер орнатылды. Балабақша ғимаратындағы топтық жайларда, басқа да бөлмедер мен асханада дезинфекциялау құралдарымен екі сағат сайын ылғалды өңдеу жүргізіледі", деп хабарлады облыстық білім басқармасынан.
Кезекші топта шектеу шаралары сақталып, балақайлардың сабағы күн тәртібіне сай өткізіледі. Балалар уақытылы тамақтанады. Күндіз ұйықтап, далаға серуендеуге шығады.