Қазақстан • 26 Қазан, 2020

Қазақстан тауарларын Швейцарияға 275 млн долларға жеткізе алады

102 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Президенттің Жолдауында аталған шаралар аясында экспорттық әлеуетті арттыру туралы айтып берді, - деп жазады Egemen.kz

Қазақстан тауарларын Швейцарияға 275 млн долларға жеткізе алады

"Біз өндірістік мүмкіндіктерімізді және әлемдік сауда нарығын талдадық. Экспортты арттыру үшін жалпы сомасы 13,4 млрд доллардан асатын 16 неғұрлым перспективалы сектор анықталды. Теориядағы сандарды нақты өндірістегі көрсеткіштерге, келісімшарттарға және басымды экспорттық нарықтарға жеткізу аканалдарына айналдыру үшін қазір барлық салалық қауымдастықтармен, кәсіпорындармен белсенді жұмыс істеп жатырмыз", - деді министр.

Ол әр ел үшін өз тауарларының тізімі құрылғанын айтты.

"Мысалы, жуырда Женевада әріптестерімізбен кездестік. Өткен жылы біз 104 тауар түрін ұсынсақ, бір жылдың ішінде жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде нақтыладық, олардың қауымдастықтарымен жұмыс істедік, 40 жуық тауарды оңтайландырдық, бірақ мүмкіндіктерімізді нақтыладық", - деді ведомство басшысы экспорттық тауарлардың құны 275 млн долларды құрайтынын атап өтіп. Бұл мұнай-химия, тамақ өнеркәсібі, машина жасау, металлургия өнімдері және құрылыс тауарлары.