19 Қараша, 2013

Тимошенконың мәселесі Брюссельде қаралды

282 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

19 11 - Timoshenko18 қараша күні Еуро одақтың сыртқы істер министрлері кеңесі Белгия астанасы Брюссельде «Украина мәселесін» қарастырды. Бұл туралы Izvestia.ru хабарлады.

Еуропалықтар Вильнюста өтетін «Шығыс әріптестігі» саммитіне дейін Еуро одақпен ассоциация жөніндегі келісімге қол қою үшін Киевтің қажетті шарттарды орындап үлгеретініне көз жеткізбек. Ол шарттардың бастысы – экс-премьер Юлия Тимошенко мәселесінің шешілуі. Бұдан бұрын олар Киевке Еуро одақтың ассоциацияға қол қою уақытын ұзарту үшін саммит күн тәртібіне соңғы рет түзетулер енгізетінін ескерткен болатын. Алайда, сыртқы істер министрлерінің кеңесі экс-премьер мәселесінің шешілмеуіне байланысты Украинадағы еуроинтеграция процесін тоқтауға бата қоймады. Дегенмен, олар бұл әрекетке кез-келген уақытта бара алатынын мәлімдеді.

Өткен аптада Украина Жоғарғы радасының депутаттары кезектен тыс пленарлық отырыс өткізгенімен, еуроинтеграциялық заң жобаларын сол күйі қабылдай алмады.

Айдар Өрісбаев.

Соңғы жаңалықтар