Аймақтар • 26 Қазан, 2020

"Атырау" футбол клубы Премьер-лигаға оралады

438 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

"Атырау" футбол клубы қайтадан Премьер-лигаға оралады, деп хабарлайды Egemen.kz

"Атырау" футбол клубы Премьер-лигаға оралады

Былтыр мұнайлы өңірдің футболшылары сылбыр ойынымен Премьер-лига кестесінің соңында қалған еді. Сөйтіп, биылғы маусымды бірінші лигада өткізуге мәжбүр болды. Бұл лигада ІІ конференцияда өнер көрсеткен «Атырау» командасының футболшылары 10 кездесуде сегіз рет жеңіске жетті. Екі ойынды тең ойнады.

Ал кеше 12 турда Қарағандының "Шахтер-Болат" командасын 3:2 есебімен ұтты. Бұл жеңіс атыраулық команданың  Премьер-лигаға оралатын жолдаманы иеленуіне мүмкіндік берді.