Коронавирус • 27 Қазан, 2020

Қазақстанда 16 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр

399 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус жұқтырған науқастар жайында соңғы деректермен бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда 16 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 088 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 248 өскіншек бала бар.

Стационарларда 2 333 науқас жатыр.  755 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 115 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 10 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 16 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.