Елорда • 28 Қазан, 2020

Елордаға қаржы құюға ниетті

152 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінде жеке инвестициялар есебінен нысандар құрылысы талқыланды. Жиында "Kayaturk Group" компаниясының инвесторларымен бірлесіп, тоқыма фабрикасы мен азық-түлік супермаркеті құрылысы мәселесі қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz

Елордаға қаржы құюға ниетті

"Ішкі нарықта фабрикалар мен зауыттарға, көтерме сауда және қоймадан тарату орындарына сұраныс бар. Сондықтан қаламыз бен қала тұрғындарына маңызды мұндай нысандарды көптеп ашып жатырмыз. Олардан шығатын өнімді мысалы, жаңа нысандардың құрылысына; тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғыртуға, инженерлік тораптарды алмастыруға пайдалануға болар еді. Сонымен бірге, тармақталған желілерді салу қажеттігін пандемия да көрсетіп отыр.

"Kayaturk Group" компаниясының инвесторларымен бірлесіп, тоқыма фабрикасы мен азық-түлік супермаркеті құрылысы мәселесін талқыладық. Холдингтің құрылтайшысы Абдул Насыр Четин тұрақты жұмыс орындары ашылып, өндіріс жолға қойылатынын атап өтті.

Инвесторлармен жекелеген кездесулерден бөлек, инвестициялық кеңестер де өткізіп жүрміз. Өңірлік инвестициялық кеңесте қолдау тапқан жұмыстардың ішінде әлеуметтік, инфрақұрылымдық, өндірістік, логистикалық және басқа да жобалар бар. Құрылыс жекеменшік қаржыға жүргізіледі. Әр инвестормен жеке жұмыс істеп, пайда болған әкімшілік тосқауылдарды жойып жатырмыз", деді Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов.

Соңғы жаңалықтар