Аймақтар • 29 Қазан, 2020

Атырау мұнай өңдеу зауыты LED-экрандағы деректерді сағат сайын жаңартады

438 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атыраудағы мұнай өңдеу зауыты LED-экрандағы деректерді сағат сайын жаңартып отырады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырау мұнай өңдеу зауыты LED-экрандағы деректерді сағат сайын жаңартады

"23 қазаннан бері "АМӨЗ" ЖШС жанында орналасқан LED-экранда сынақ режимінде зауыттың санитарлық-қорғау аймағы шекарасының бақыланатын төрт нүктесінен түсетін атмосфералық ауаның жай-күйі туралы деректер сағат сайын жариялануда. Бұл аймақта тәулік бойы бақылау автоматты станцияларда жүргізіледі. Онда атмосфералық ауадағы ластаушы заттардың құрамы күкіртсутегі, көміртегі оксиді, азот оксиді, күкіртті ангидрид және көмірсутектердің көрсеткіштері бойынша бақыланады. Автоматты станциялардың деректері Wincollect ақпаратын жинау мен өңдеудің автоматты бағдарламасымен сағат сайын есептерді генерациялау, кейіннен деректерді AirKZ қосымшасына интеграциялау арқылы "Қазгидромет" РМК-ның FTP-серверіне жіберіледі", деп хабарлады кәсіпорынның қоғаммен байланыс бөлімі.

Сондай-ақ, станцияларда желдің бағыты мен жылдамдығы, ауа температурасы, атмосфералық қысым, салыстырмалы ылғалдылық сынды метеорологиялық сипаттамалар анықталуда.

 

Атырау облысы