2009 жылғы 31 желтоқсан № 2345 Астана, Үкімет үйі
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2010 – 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
“Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы” Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы №827 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2010 – 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары бекітілсін.
Осы қаулы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.Қазақстан
Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.
(Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы №2345 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2010 – 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспарының толық мәтіні “Егемен Қазақстанның” www.egemen.kz веб-сайтында 2010 жылғы 16 сәуірде “Ресми бөлім” айдарында жарияланып отыр).
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
2010 жылғы 14 сәуір №307 Астана, Үкімет үйі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы
28 қаңтардағы № 136 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулы етеді:
1. “Шетелдіктердің Қазақстан Республикасында болуын құқықтық реттеудің жекелеген мәселелері” туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы №136 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., №4, 55-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Шетелдіктердің Қазақстан Республикасына келуінің және болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің тәртібінде:
15-тармақтың екінші абзацындағы “тоқсан тәуліктен аспайтын мерзімге жүргізіледі және кейіннен дәл осындай мерзімге ұзартылуы мүмкін” деген сөздер “отыз тәуліктен ал Кеден одағы елдерінің азамттары үшін тоқсан тәуліктен аспайтын мерзімге жүргізіледі және кейіннен дәл осындай мерзімдерге ұзартылуы мүмкін” деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі белгіленген тәртіппен дипломатиялық арналар арқылы шетел мемлекеттерінің құзыретті органдарын қабылданған шаралар туралы хабардар етсін.
Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.