Спорт • 30 Қазан, 2020

Президент "Қайраттың" аты аңызға айналған шабуылшысын марапаттады

208 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter парақшасында Евстафий Пехлеваниди "Достық" орденімен марапатталғанын хабарлады, деп хабарлайды Egemen.kz

Президент "Қайраттың" аты аңызға айналған шабуылшысын марапаттады

"60 жылдық мерейтойын атап өтіп жатқан алматылық "Қайрат" футбол командасының аты аңызға айналған шабуылшысы Евстафий Пехлеваниди қазақ футболын және Қазақстан мен Грекия арасындағы достықты дамытып, дәріптеуге орасан зор үлес қосқан үшін 2-дәрежелі "Достық" орденімен марапатталды",  деп жазды Президент.

Бұған дейін "Қайрат" футбол клубы аты аңызға айналған шабуылшыны 60 жылдық мерейтойымен құттықтады.

"Біздің клубтың бұл ардагері жайлы көп нәрсе айтуға болады. Жанкүйерлер "Пеха" деп атап кеткен Евстафий Пехлеванидидің маңызды ойындарда соққан голы аз емес, ал киевтік "Динамоның" қақпасына КСРО чемпионаты тарихындағы ең жылдам голды соқты!", делінген футбол клубының хабарламасында.